Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

08.02.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуын №108 жалпы білім беретін мектепте атап өтті

2019 жылдың 08 ақпанында Алматы қаласы Жетісу ауданының білім беру бөлімі мен Жетісу ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жылдық мерейтойы қарсаңында патриоттық әндерді орындау бойынша аудандық конкурс жеңімпаздарының қатысуымен гала-концерт өткізілді.
Іс-шараға Алматы қаласы Ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдушукуров М.М., Ауғанстандағы әскери шайқастың ардагерлері Халафов Г.И., Айдарбеков А., Усталов В,Н., Жусипов А., қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Каржауов М.А., Ауған ардагерлерінің қалалық кеңес төрағасы Амраев А.А., Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Имашев Ш.И., Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Құсаинова С.А., ҚР ҰҚК шекара қызметінің №2468 әскери бөлімінің старшинасы Қарақұлов Қ., қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Концерттік бағдарламаны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шаяхмет Имашұлы ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтай отырып, ауғандық майдан жауынгерлері мен офицерлеріне батырлықтары, ерліктері мен төзімділіктеріне алғыс айтты.
Концерттік бағдарлама соңында патриоттық әндерді орындаған балалар дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Атап айтқанда, атаулы күнге арналған іс-шаралар ақпан айының басынан бастап ауданның барлық мектептері мен колледждерінде және әскери бөлімдерінде өткізілуде.


08.02.2019