Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

03.11.2017
Алматы қаласы Жетісу ауданында «Директор» спартакиадасы өтті

2017 жылдың 03 қарашасында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты және қазақ ұлттық ойындар клубымен бірлесе Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жанғыру» бағдарламасының аясында «Директор» спартакиадасы ұйымдастырылды. Іс-шараны салтанатты түрде аудан әкімінің аппарат басшысы В.Д.Вавилин құттықау сөзімен ашып, қатысушыларға табыстар мен жеңіс тіледі. Іс-шара №109 мектептің спортзалында аудан мектептерінің директорлары мен орынбасарлары арасында өтті. Бекітілген ережеге сәйкес командалық жарыстар баскетбол добын нысанаға тигізу, арқан тарту, дартс, асық ату, орнынан қашықтыққа секіру сияқты ойын түрлерінен болды. Бұл жолы спорттық киім киген мектеп басшылығы өзара күш сынасып, өз мектебінің абыройын қорғау үшін кездесті. Спартакиадада маңыздысы жеңіс емес, командалардың кездесуі мен тәжірибе алмасу болды. Жарыс нәтижесінде әдемі ойын өрнегін көрсете білген №148 мектеп-гимназиясы 1-орынға қоржынына салды. Көшбасшылардың арасында екінші болған №2 мектеп ұжымы 2 орын алса, №66 мектеп үшінші орынды иеленді.Спорттық іс-шараның жеңімпаздары мен қатысушылары тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар спорттық дайындықтарын да дәлелдей алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар, дипломдар, сондай-ақ сыйлықтармен марапатталды.

Өткізілген іс-шараның басты мақсаты спорттық белсенділікті арттыру және үздік командаларды анықтау болып табылады.


03.11.2017