Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

06.10.2018
Алматы қаласы Жетісу ауданында «Ұстаздар күніне» орай спартакиада өтті

2018 жылдың 06 қазанында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты «Ұстаздар күні» мерекесіне орай мектеп директорлары мен бала-бақша меңгерушілері арасында халықтық-ұлттық ойын түрлерінен спартакиада ұйымдастырды. Іс-шараны салтанатты түрде аудан әкімі М.І.Тажибаев құттықау сөзімен ашып, қатысушыларға табыстар мен жеңіс тіледі.

Бекітілген ережеге сәйкес командалық жарыстар арқан тарту, дартс, асық ату, тұмақ ұру ұлттық ойындарынан және баскетбол добын нысанаға тигізу, орнынан қашықтыққа секіру сияқты ойын түрлерінен болды. Бұл жолы спорттық киім киген мектеп пен бала-бақша басшылығы өзара күш сынасып, өз ұйымының абыройын қорғау үшін кездесті. Спартакиадада маңыздысы жеңіс емес, командалардың кездесуі мен тәжірибе алмасу болды. Жарыс нәтижесінде әдемі ойын көрсете білген «Батыс» командасы 1-орын алды. Көшбасшылардың арасында екінші болған «Шығыс» 2 орынды иеленді, «Оңтүстік» командасы 3 орынға ие болды, 4 орынды «Солтүстік» командасы иеленді. Спортшылар кубогпен және бағалы сыйлықтарымен мараппаталды. Спорттық іс-шараның жеңімпаздары мен қатысушылары тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар спорттық дайындықтарын да дәлелдей алды.


06.10.2018