Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

08.05.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданында гүл қою рәсімі өткізілді

2019 жылдың 08 мамырында Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Алматы қаласының Орталық зиратында орналасқан Белгісіз солдаттың ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі өткізілді.

Жеңіс күні қарсаңында өткізілген іс-шараға әкім аппаратының қызметкерлері, аудандық қызмет өкілдері, қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, білім беру және денсаулық сақтау саласының басшылары, ҚР ҚМ №73652 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты.

Гүл қою рәсімі ҚР гимнін орындаудан басталды, одан кейін келген қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Әкімнің орынбасары В.Д.Вавилин мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.И.Имашев ардагерлер мен келушілерді құттықтады, өз сөздерінде мейрамның маңыздылығын атап өтіп, біздің ардагерлерге алғыстарын жеткізді.

Осы күні, Жетісу ауданы бойынша гүл қою рәсімі бірқатар жерде ұйымдастырылды:

- №101 мектеп-гимназиясының ұжымы мен оқушылар мектеп ауласындағы ескерткішке гүл қойды.

- Кемел ш/а ардагерлері, зейнеткерлері және №193 мектеп оқушылары мәдениет үйінің алдындағы «Ұлы отан соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алу» обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

- Сонымен қатар, ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2468 әскери бөлімінің қызметкерлері әскери бөлім аумағындағы «Ешкім де, ешнарсе де ұмытылмайды!» ескерткішіне гүл қойды.


08.05.2019