Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.02.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданында Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толуы аясында Кеңес Одағының батыры, ауған соғысының қатысуышысы Н.И.Кремиништің қатысуымен іс-шара өтті

2019 жылдың 11 ақпанында Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл толу қарсаңында Кеңес Одағының батыры, ауған соғысының қатысуышысы, Алматы қаласы Жетіу ауданының тұрғыны Н.И.Кремиништің қатысуымен №103 жалпы білім беретін мектепте «Бар атақ, даңқ Шуравиге!» іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдушукуров М.М., Ауғанстандағы әскери шайқастың ардагерлері, қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Каржауов М.А. шақырылды.

Кездесу барысында Кеңес Одағының батыры Н.И.Креминиш соғыс жылдарындағы бастан кешкен сәттері туралы, әріптестері мен олардың батырлықтары туралы әңгімелерін айтты.

Өткізілген бұл шара өскелең ұрпақ үшін қызықты әрі маңызды болды. Оқушылар Кеңес Одағының батыры мен Ауған ардагерлерінің өмірден алынған оқиғаларын мұқият тыңдады.

Келген қонақтарға балалардың ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама қойылып, соңында «Панджшер» тобының әскери-патриоттық әндері шырқалды.


11.02.2019