Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.02.2015
Алматы қаласы Жетісу ауданында «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дейін 70 күн қалды» атты мерекелік іс-шарасы өтті

2015 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратымен аудандық Ардагерлер кеңесі, сондай-ақ ҚР ҰҚК шекара қызметінің №2468 әскери бөлімше басшылығымен бірлесе Жеңістің 70 жылдық мерейтойының құрметіне «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дейін 70 күн қалды» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Залға соғыс ардагерлері, тыл майданына қатысушылар, ауған соғысының ардагерлері жиналды. Бұл кездесуді «Бес буынның кездесуі» деп айтсақ артық болмас.

Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Ж.Ш.Мұрынова құттықтау сөздерімен ашты. Концерттік бағдарламада мектеп оқушылары мен әскери қызметкерлер ұжымдары орындауында соғыс жылдарының әндері шырқалып, «Вставай страна огромная!» бейнеролигі көрсетілді, сонымен қатар 87 мектеп оқушыларының орындауында «Ана туралы баллада» патриоттық көрсетілімі қойылды.

Өзінің алғыс сөздерімен аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы С.Ә.Умралиева да сөз сөйледі, ауған-жауынгерлерінің атынан ардагер қонақтарды И.Құрманбекұлы құттықтады. Әскери бөлімше аспазшылары шақырылған меймандарға арнап дастархан жайды, әскери ботқа мен ыстық шай берді. Мерекелік шара соңында ардагерлер сахнаға шығып өздеріне таныс әндерді және жеке шығармаларын орындады.

27.02.2015