Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданында «Ұлы Жеңіс күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті

2019 жылдың 09 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Құлагер ш/а «Гүлдер» саябағында «Ұлы Жеңіс күніне» арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мейрамның басты кейіпкерлері болған ардагерлер, тыл майдангерлері, интернационалист-жауынгерлер іс-шараның сәніне айналды, сонымен қатар аудандық қызмет, білім беру және денсаулық сақтау мекеме басшылары, қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, әскери бөлім қызметкерлері, тұрғындар мен қала қонақтары қатысты.

Іс-шара басталмас бұрын әншілері мен музыканттары бар арнайы ұйымдастырылған карета ҰОС ардагерлерін үйлерінің алдына барып ән салып, құттықтады.

Жеңіс күні – мемлекетіміз үшін ерекше мейрам. Бұл күн шын мәнінде жалпы халықты біріктіру, сол сұрапыл соғыста Отаны үшін жанын бергендердің батырлығын еске алатын күн.

Мерекелік іс-шара бағдарламасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының, балалар би ұжымдарының, №9 оқушылар үйінің дарынды балаларының және ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2468 әскери бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылып, әскери жылдардағы әндер шырқалды.

Саябақ алаңында әскери асүйі жұмыс атқарып, сарбаз ботқасы және шай таратылды.

Сонымен қатар, мерекелік сауда, балалар аттракциондары, атпен серуендеу ұйымдастырылды.

Шағын-футбол, дойбы, бадминтон, үстел теннисі, ардагерлер арасында шахматтан спорттық жарыстар өткізілді. Бұл ойындарда белсенді зейнеткерлер, мектеп директорлары мен оқушылар қатысқандықтан, үш буынның кездеуі деп те атауға болады.


09.05.2019