Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

07.04.2018
Алматы қаласы Жетісу ауданында мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан жарыс өтті

2018 жылдың 07 сәуірінде «Құлагер» шағын ауданындағы футбол алаңында «Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жанғыру» бағдарламасының аясында «Наурыз мейрамы» құрметіне аудандық қызметтер мен ұйымдардың арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Жеңмпаз атағына ие болу үшін 8 команда күш сынасты. Осындай жарыстардың өтуі дәстүрге айналған. Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және жағымды имидж қалыптастыруға ықпал етеді.

Командалар жеребе арқылы топтарға бөлінді.

Бүгінгі шағын футбол жарысында қызметтер мен ұйымдардың қызметкерлері спортқа дайындықтарын тағы да шыңдай түсіп, жақсы әсер алды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші жүлделі орынға Жетісу аудандық ішкі істер баскармасының командасы ие болды, екінші орынды Жетісу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы ие болды, ал үшінші орын Жетісу ауданының білім беру бөлімі командасының қанжығасына ілінді.


07.04.2018