Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.09.2018
Алматы қаласы Жетісу ауданында ішкі істер органдарының қылмыстық іздестіру қызметінің 100 жылдығына орай шағын-футболдан турнир ұйымдастырылды

2018 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен ІІБ бірлесе отырып «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және ауданындаішкі істер органдарының қылмыстық іздестіру қызметінің 100 жылдығына орай шағын-футболдан турнир ұйымдастырылды. Құттықтау сөзбен аудан әкімі М.І.Тәжібаев пен Ішкі істер басқармасының бастығы Д.М.Мусанов спорттық шараны салтанатты ашып, командаларға сәттілік тіледі. Ойын басталмас бұрын Қазақстан Республикасының гимні қойылды. Жарысқа полиция бөлімшелерінің және әкім аппаратының қызметкерлерінен құрылған 8 команда қатысты.

Ойын барысында қатысушылар спортқа деген дайындықтарын, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Өткен матчтардың нәтижесі бойынша бірінші орынды АІІБ кадр штаб бөлімшесінің командасы алды, жүлдесі теледидар мен футбол формалары, екінші орын АІІБ кезекші бөлімше қызметкерлері жеңіп алды, сыйлығы музыкалық центр мен футбол формалары

және үздіктердің үштігін Алматы қаласы Жетісу аданы әкімінің аппараты командасының футболшылары тұйықтап, сыйлыққа термопот пен футбол формаларын сыйлыққа алды.

Спорттық іс-шараның «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Тоқтасынов Д. танылды, оған футбол добы, гетрлар мен қалқанша сыйға тартылды, «Үздік қақпашы» номинациясын Сағынбеков Мұрат жеңіп алып, сыйлыққа доп пен қақпашы қолғабын алды, «Үздік қорғаушы» болған Нұралиев Нұрхатқа футбол добы, гетрлар мен қалқанша табысталды.

Өткізілген ойын қорытындысында жеңімпаздар ғана марапатталып қоймай, белсенділік танытқан көрермен Тұмарбаева А. «Үздік жанкүйер» номинациясы бойынша марапатталып, сыйлыққа сурет алды.


29.09.2018