Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.02.2017
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аудан тұрғындарының алдында есептік кездесулері басталды

Ақпан айы – аудан әкімдерінің тұрғындарымен кездесіп, жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, болашақтың жоспарлары туралы айтылатын және қатысушылардың сұрақтарына жауап беретін есептік кездесулер айы.

2017 жылдың акпан айының «13» мен «18» аралығында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Т.К. Разақов аудан тұрғындарының алдында есеп береді. Шараға қала мен аудан құрылымдары мен қызметтерінің басшылары, «Нұр Отан» аудандық филиалының өкілдері және Жетісу ауданының тұрғындары қатысады.

Аталып өткен іс-шара 13 ақпан күні Жетісу ауданының 24 аумағы боынша №109 жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.  Жетісу ауданының тұрғындары аудандағы көріктендіруге байланысты сұрақтарды, оның ішінде жол өткелдері мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысы мен жарықтандыру мәселелерін және ескі үйлердің бұзылып жаңа үйге көшу мәселелері де қозғалды. Сондай-ақ кәріз жүйелері, газдандыру, денсаулық сақтау, мәселелері де көтерілді. 

Іс шара барынсында Жетісу ауданының тұрғындары қала әкімі мен аудан әкіміне аудандағы көріктендіру бойынша атқарылған жұмыстарына алғыстарын білдірді.


13.02.2017