
24.03.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты және аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 24 наурызында «Наурыз мейрамын» атап өту аясында аудан әкімінің кубогына шағын-футболдан турнир өтті, Футбол алаңына тергеушілер, жол-патрульдік полиция қызметкерлері, криминалисттер, жедел әрекет ету қызметкерлері мен Жетісу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерінен құрылған 8 команда қатысты.
Спорттық іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене-шынықтыруды және командалық ауызбіршілікті нығайту.
Құттықтау сөзбен Жетісу ауданының әкімі М.И.Тажибаев турнирді ашып, қатысушы топтарға сәттілік пен жеңістер тіледі.
Жеребе тартқаннан кейін футбол алаңында «Үздік» атағы үшін жарыс басталып кетті.
Спорттық дайындықтарының арқасында Жетісу ауданы әкімінің аппараты командасының ойыншылары жеңімпаз атанып 1-орынды иеленді, жүлдеге жеңімпаз кубогы, футболшылар формасы және теледидармен марапатталды. Екінші орынды «Криминалдық полиция бөлімінің» командасы иеленіп, сыйлыққа кубок, футболшылар формасы және қысқа толқынды пешті ұтып алды және үздіктердің үштігін «Полицияның анықтау бөлімі» командасы тұйықтап, жүлдеге кубок, футболшылар формасы және электронды шайнекпен марапатталды.