Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2017
Алматы қаласы Жетісу ауданында «Almaty Sales Festival – Winter 2017» аясында іс-шара өтті

2017 жылдың 20 қаңтарында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппараты мен «Максима» ойын-сауық кешенінің әкімшілігімен бірлесе «Жеңілдіктер фестиваліне» арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Алып шаһарымыздың тұрғындары мен қонақтары үшін 20 қаңтардан бастап әсем қаламыз Алматыдағы барлық 126 ойын-сауық кешендерінде жеңілдіктер науқаны басталды және 10 ақпанға дейін жалғаспақ. Осы күндері тауарлардың кең түрлеріне жеңілдіктер болып, мемлекетіміз үшін маңызды «Универсиада-2017» шараға орайластырылып отыр.

Мерекелік концертте бірнеше тілдерде хит әндер шырқалды, заманаиу спорттық билер орындалды. Келуші меймандарға тосынсый ретінде викторина ойыны ұйымдастырылып, бірінші дұрыс жауап берген 5 қатысушыға Универсиадаға 2 билеттен сыйға тартылды.

«Максима» сауда кешенінде ұйымдастырылған іс-шара көрермендердің көңіл –күйін көтеріп, жақсы әсер қалдырды.

 



20.01.2017