Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2016
Жетісу ауданында «1000 мейірімді іс» акциясы жалғасуда

Біздің сүйікті қаламыздың 1000 жылдығына орай жыл басынан Алматыда «1000 мейірімді іс» акциясы бастама алды, оған Жетісу ауданының кәсіпкерлері, бизнесмендері мен тіпті қарапайым адамдар ерекше ілтипат білдіріп, өзгенің проблемаларына немқұрайлы қарамайтындарын білдірді. Біздің айналамызда адамшылдыққа зәру адамдар бар және олар өздеріне көрсетіліп жатқан көмекті үлкен алғыспен қабыл алады. Осы акция қарсаңында Жетісу ауданы әкімінің аппараты өзін-өзі басқару комитеті төрағаларымен бірге тұрмыс жағдайы төмен отбасылар, жалғыз басты ардагерлер мен зейнеткерлердің тізімін құрастырып, ауданның бизнес-құрылым өкілдерімен кездесу өткізіп, нәтижесінде басым бөлігі акцияны қолдайтындарын білдірді.

«Айс Мастер Айс Крим» ЖШС-нің басшылығы 100 отбасыға өз өнімдерін үлестіру жөнінде шешті, ол – сүт, айран, ірімшік, қаймақ және тұшпара. Ауданның 30 жалғыз басты зейнеткерлері бүкіл Республикаға аты танымал «Еткон» ЖШС-нің (директоры Хегай Галина Петровна) шұжық өнімдерін алды. «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС отыз ардагер – еңбек майдангерлеріне қайырымдылық көмек көрсетіп азық-түлік жинағын апарып берді (ірімшік, қарақұмық, кәмпит, печенье, күнбағыс майы, шәй, күріш, бұқтырма, паштет). «Медаспап оптика» ЖШС-нің директоры А.К.Жұмағұлов бірінші топ мүгедегі Л.Ермекбаеваға мүгедектер арбасы мен көзін тексеруден өткізуге сертификат сыйға берді, сондай-ақ ауданның 5 зейнеткері көздерін тегін тексертіп көзілдірік алу мүмкіндігіне ие болды. «Нұр-май фармация» ЖШС 2005 жылы туылған Ибатулина Шынарды туған күнімен құттықтап, мүгедектер арбасын сыйлады, бала ДЦП ауырады, бірақ енді серуендеуге мүмкіндігі бар.

Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында Венецианов көшесінде өрт болып, салдарынан бір үйдің едәуір бөлігі өртке оранған. Осы үйде қартайған жастағы әйелдің тұратынын ескере отырып, «STYNERGY» ЖШС – Васильев Е.В. және «САМЫРСЫН» ЖШС – Садыков А.К. 1млн.теңге сомасында құрылыс материалдарымен көмектесті (қоссырық, төбе жабатын материалдар, гипсокартон және т.б.). «1000 мейірімді іс» Акциясы қарапайым тұрғындарға өте қажет және Жетісу ауданында жалғастырылады.

    

23.02.2016