Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.09.2016
Жетісу ауданында «Олимпиада үміті 2020» бокстан турнир өткізілуде

20 жылдан астам уақыт бойы Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты «Динамо» ДСҚ бірге түрлі спорттық іс-шараларды өткізіп келеді. ағымдағы жыл ішінде ғана 4 шара – бокстан жарыстар өтті, ҚР еңбек сіңірген бапкері Г.Ф.Рожковты, Кеңес Одағының Батыры Масим Якуповты еске алу, КСРО еңбек сіңірген бапкері А.Ф.Аникиннің жүлдесіне ұйымдастырылған шараларға еліміздің барлық түкпірлерінен спортшылар қатысты.

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпияда ойындарында Қазақстан спортшылары белсенді қатысып, 17 медалді қанжығаларына байлады және оның 16-сы «Динамо» ДСҚ өкілдері.

Осы орайда, аудан әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясы және «Динамо» спорт клубымен бірге қыркүйектің 14–нен 18 аралығында «Алматының 1000 жылдығы» құрметіне Жетісу ауданында «Олимпиада үміті 2020»атты бокстан турнир өткізуде. Турнирге Қазақстанның әр аймағынан 147 адам спортшы келді. Турнирдің салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ж.Ш.Мұрынова, «Динамо» ДСҚ жоғары нәтижелер басқармасының бастығы Н.Д.Князев, олимпиада ойындарының қола жүлдегері Шакимова Дариғаны дайындаған ҚР еңбек сіңірген бапкері В.Э.Присяжнюк қатысты. Жетісу ауданының имамы Қанат-қажы турнирге ақ батасын берді.

Еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әкім аппараты балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында «Динамо» ДСҚ және «Сұлтан» спорт клубымен бірлесе мұндай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп отырады.

  

15.09.2016