Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2017
Жетісу ауданында «Наурыз мейрамы» өтті

2017 жылдың 22 наурызында Жетісу ауданында «Наурыз мейрамы» өтті. Наурыз – жаңарудың, тазарудың, сұлулық пен махаббаттың нышаны. Көктемнің шуақты мерекесі Құлагер шағынауданындағы «Гүлдер» саябағында ұйымдастырылды.

Саябақ аумағында әкім аппаратының, аудандық қызметтер мен мердігер ұйымдардың көптеген киіз үйлері тігілді. Іс-шара қонақтары үшін мерекелік сауда, ең кішкентай тұрғындар үшін балалар аттракциондары, батуттар қойылды. Қала қонақтары мен аудан тұрғындары дәстүр бойынша қазақтың ұлттық тағамдары наурыз көже, бауырсақ, палаудан дәм татты. Сонымен қатар, әзірбайжан және ұйғыр ұлттық мәдени орталықтар көрме ұйымдастырып, келушілерге өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынды.

Мерекелік бағдарлама театрландырылған көріністен басталды, онда қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері көрсетілді. Салтанатты шараны Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов құттықтау сөзімен ашты. Концертке ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР мәдениет қайраткері, композитор Арман Дүйсенов, «Сұңқар» тобы, басқа да танымал эстрада жұлдыздары, «Атамекен» ардагерлер хоры, Первомайский вокалды ардагерлер тобы, сондай-ақ ауданның дарынды балалары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Мереке күні бірқатар түрлі спорттық және ұлттық ойындар мен жарыстар өткізілді: келушілер арасында қазақша күрес, бұқа тартыс, асық ату, арқан тарту, қол күресі, ардагерлер мен зейнеткерлер арасында шахматтан жарыс, аудан қызметтері мен ұйымдарының арасында шағын футбол, колледж студенттері арасында воркаут және стритболдан жарыстар, балабақша балалары арасында велосипедпен эстафеталар болды. Қатысушылардың барлығы аудан әкімінің дипломдары және медальдармен марапатталды.

Киіз үйлердің жанындағы алаңшада ежелгі ұлттық ойындардың бір түрі қой көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Ол ойынға өз күштерін сынап, қой көтеруге ниет білдірген әрбір адам қатыса алды. Қатысушылар бір-бірден шықты және әрқайсысына бір ғана мүмкіндік берілді. Көтеруге берілген қой салмағы 35 кг., және бас жүлде де сол болды. Барлығы 20 адам қатысты, ойынның жеңімпазы қойды 150 рет көтерген Жанысов Айбек бас жүлдені алды.

Наурыз мейрамында әдетте әртүрлі ұлттық салт-дәстүрлер өткізілген. Салт-дәстүрлер қазақ халқының өмірінде маңызды орын алған, және сол күні кішкентай Тойлыбай Серғазының тұсауы кесіліп, ақ бата берілді.


22.03.2017