Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2015
Жетісу ауданында «Балаларға бақыт сыйлайық!» іс-шарасы өтті

2015 жылдың 01 маусымында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Халықаралық балаларды қорғау күні құрметіне мерекелік іс-шаралар екі жерде: Құлагер шағынауданындағы «Гүлдер» саябағы мен «Первомайский» кентінің мәдениет үйінің алдында ұйымдастырылды. 

«Гүлдер» саябағының аумағында жиналған көпшілікте таңғы уақыттан бастап мерекелік көңіл күй орнағаны байқалып тұрды. Алаң мереке тақырыбына сәйкес безендірілген, кішкетай тұрғындар үшін ойын аттракциондары, әткеншектер мен батуттар қойылды.

Балалар шығармашылық үйімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламада аудандағы дарынды балалар өз өнерлерін ортаға салды.

Осы мерекені тамашалуға келген барлық балаларға тегін балмұздақ таратылды, әртүрлі ойындар ұйымдастырылды, сондай-ақ асфальтта сурет салды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін де дәл осы күні Дорожник шағынауданындағы №170 балабақша ғимаратында шара ұйымдастырылды. Ондай балалар саны орташа 100 адам.

01.06.2015