Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2017
Жетісу ауданында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» құрметіне іс-шара өтті

2017 жылдың 14 желтоқсанында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бағдарлама мемлекеттік гимнді орындаудан басталды. Аудан әкімінің орынбасары С.Ә.Тоғай құттықтау сөзбен мерекені ашты.

Республиканың маңызды мейрамы қарсаңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Құрылыс саласында заманауи технологияларды енгізгені, жоғары кәсібилігі, қол жеткізген жетістіктері үшін «Құрмет ордені» мемлекеттік наградасы «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамының бас директоры Чиликбаев А.К. табысталды.

Қызметтегі міндеттерін адал атқарғандары, жоғары көрсеткіштері мен қауіпті қылмыскерді ұстауда ерлік танытқандары үшін Жетісу ауданы әкімінің құрмет грамоталарымен жергілікті полиция қызметкерлері марапатталды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар адамдарға да әкімнің құрмет грамоталары берілді.

Салтанатты марапаттау рәсімінен соң жиналған қонақтардың назарына «Желтоқсан желі» спектаклі қойылды.


14.12.2017