Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

07.03.2017
Жетісу ауданында «Халықаралық әйелдер күніне» арналған іс-шара өткізілді

2017 жылдың 07 наурызында Халықаралық әйелдер күні мейрамының қарсаңында ауданның қоғамдық-саяси, мәдени өміріне елеулі үлес қосып жүрген ханымдардың құрметіне Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің «Көктем мейрамы» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды.

Әкім аппаратының ғимаратында жиналған нәзік жандар әкімнің атынан гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар алды. Мерекелік іс-шараны Жетісу ауданының әкімі Т.К.Разақов мырза құттықтау сөздерімен ашып, ақ жаулықты аналар, әжелер мен ханымдарға өзінің жылы лебізін жеткізді. Көктемнің алғашқы мерекесінде салтантты түрде ауданымыздың тұрғындары, көпбалалы аналарымыз Елбасымыздың Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» белгілеріне ие болды.

Концерттік бағдарламада ҚР еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова, Арман Дүйсенов, Ержан  Нұрғалиев сияқты эстрадамыздың жұлдыздары және басқа да жас таланттар тақырыпқа сай әндерін шырқап, ауданның №170 бөбекжай бақшасының кішкентай бүлдіршіндері  өнер көрсетті.

Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер күніне арналған іс-шара келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

07.03.2017