Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2017
Жетісу ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шарасы өткізілді

2017 жылдың 01 маусымында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Алматы ипподромының аумағында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара ұйымдастырылып, аудандағы талантты балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды. Келген кішкентай бүлдіршіндерді аудан әкімінің орынбасары Санжар Тоғай құттықтап, жылы тілектерін жеткізді.

Первомайский шағынауданының балалары да назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін де мереке ұйымдастырылып, мәдениет үйінің алды сәйкес безендірілді. Мерекелік көңіл-күй орнаған алаңда балалар үшін тегін каруселдер мен батуттар орнатылды. Көкжиек аула клубының ұйымдастыруымен спорттық ойындар өткізілді. Осындай мейрамдарға Жетісу ауданының кішкентай тұрғындары қуана атсалысты.

1 маусым күні мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерекше құттықтап өту дәстүрге айналған. Олар үшін және ата-аналары үшін ипподромдағы Тұлпар кафесінде дастархан жайылды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен мерекеге келген балаларға балмұздақ үлестірілді. Іс-шара соңында аудан кәсіпкерлерінің атынан мүгедек балаларға сыйлықтар берілді.

Жалпы алған Балаларды қорғау күніне 2000-нан аса бала қатысты.


01.06.2017