Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018
Жетісу ауданының №11 қалалық емханасының 30-жылдық мерей тойы аталып өтті

20 қарашада «Қазақстан» қонақ үйінде «Алтын Емел» мәжіліс залында №11 қалалық емханасының 30-жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік іс-шараның қонақтары - денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлері, медициналық ұйымның құрылуынан бері жұмыс істеген, емхананың бұрынғы қызметкерлері болды.

Құттықтау сөздерімен Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі -
М.И. Тәжібаев, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары - Ж.А. Мадеев, бұрынғы вице-министр, қалалық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы - Г.Г. Урмурзина сөз сөйледі.

№11 қалалық емхана Алматы қаласының Жетісу ауданындағы ең ірі медициналық мекеме болып табылады, ол 65 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді, 406 қызметкер жұмыс істейді, ал күніне 800-ден астам адам қабылдайды. Қабылдау жалпы ауданы 12 мың шаршы метр болатын екі ғимаратта жүргізіледі.

Салтанатты шара аясында әр түрлі жылдарда емхананың дамуына белсенді қатысқан қызметкерлер, бұрынғы қызметкерлер, демалысқа шыққан қызметкерлер, №11 қалалық емханасының қабырғаларында 20 жылдық және одан жоғары еңбек өтілі бар медицина қызметкерлері, 30 жылдық мерейтойлық медальдары мен дипломдармен марапатталды

Емхана 1988 жылы ашылды, жұмысты алғашқы 131 дәрігер мен 172 мейірбике қызметкерлеір құраманда бастады . Бүгінде алғашқы үш он жылдықта медициналық-санитарлық көмекті дамытуға қатысқандар құрметке ие болды. Осы уақыт аралығында емхана жұмысы жақсарды, жаңа технологиялар, емдеу және алдын алу әдістері енгізілді.



20.11.2018