Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2016
Жетісу ауданында «Наурыз мейрамы-2016» өткізілді

2016 жылы 22 наурыз күні Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен «Максима» СОК және «Первомайский» мәдениет үйінің алдында «Наурыз мейрамы – 2016» іс-шарасы ұйымдастырылды. Таңертенгі уақыттан ауа-райы жадырап, нұрын төкті. Келген тұрғындар мен қала қонақтары үшін сахна орнатылды, сәйкесінше алаң безендірілді, қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді, балаларға аттракциондар орнатылды (батуттар, әткеншектер), киіз үйлер тігіліп, мерекелік сауда ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар осы мейрамның символы болып табылатын жеті түрлі дәннен әзірленетін «наурыз көжеден» дәм татып, бауырсақтар мен палау үлестірілді.

Мерекелік бағдарламаны Жетісу ауданының әкімі Разақов Т.К. құттықтау сөзімен ашты: «Әр отбасыға келген жаңа жыл құт-береке, молшылық алып келсін» деп жылы лебіздерін білдірді.

Жетісу ауданында «Наурыз мейрамының» аясында іс-шаралар 20 наурыздан басталды, осылайша 20-21 наурыз күні «Гүлдер» саябағында Балалар шығармашылық үйінің талантты балаларының қатысуымен мереке өткізілді.

 

24.03.2016