Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

05.03.2016
Жетісу ауданында «Халықаралық әйелдер күніне» арналған мерекелік шара өткізілді

2016 жылдың 05 наурызында аудан әкімі аппаратының залында Халықаралық әйелдер күні мейрамының қарсаңында ауданның қоғамдық-саяси, мәдени өміріне елеулі үлес қосып жүрген ханымдардың құрметіне Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Әкім аппаратының ғимаратында жиналған нәзік жандар әкімнің атынан гүл және естелік сыйлықтар алды. Мерекелік концертті Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Ж.Мұрынова құттықтау сөздерімен ашып, ақ жаулықты аналар, әжелер мен ханымдарға әкімнің атынан жылы лебізін жеткізді. Көктемнің алғашқы мерекесінде салтантты түрде ауданымыздың тұрғындары, көпбалалы 5 ана «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісіне ие болды.

Концерттік бағдарламаның жүргізушісі ҚР Мәдениет қайраткері, халыққа танымал композитор, продюсер, теле-жүргізуші, мемлекеттік «Гүлдер» ансамблінің бас директоры Арман Дүйсенов болды. Мереке барысында Елбасының сүйікті әншісі, қазақ этнофолклорды әншісі Гүлназ Нұрбалина, танымал әнші Айбек Мұхаметалиев, Ғани Бекмұрзаев, Бекбергенов Азамат, мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, эстрада-вокалды «Сұңқар» тобы сияқты қазақ эстрадасының әншілері мен бөбекжай бақшаларының кішкентай таланттары тақырыпқа сай әндерін шырқап, өнерлерін ортаға салды.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл жандар ортаға шығып әуезді әнге би биледі, әйелдер күніне арналған іс-шара келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 


05.03.2016