Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.04.2018
Жетісу ауданында қазақша күрестен «Қазақстан барысы» өтті

2018 жылдың 13 сәуірінде Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Қазақ көлік және коммуникиция колледжінің спорт залында Тұңғыш Президент жүлдесі үшін ұйымдастырылатын дәстүрлі «Қазақстан Барысы» қазақша күресінің аудандық кезеңі өткізілді. Жарысқа 12 палуан қатысты; олардың арасында қазақша күрестен қалалық жарыстарының қатысушылары да болды. Әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған түйе палуандарымыздың бірі Шейнер Темірлан (салмағы 112 кг.) көзге түсті. Қалған екі орынға Ислямов Нургелді (97 кг.) мен Оңалбай Габибулла
(100 кг.) ие болды. Ауданымыздың атын қалалық жарыста биікке көтеретініне сенім білдіріп, палуандарымызға жеңістер тілейміз.

Осындай спорттық шаралардың басты мақсаты жасөспірімдер мен жастардың арасында ұлттық күресті дамыту және насихаттау болып табылады.


13.04.2018