
2014 жылдың 28 қарашасында Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен №177 мектеп залында «Тұңғыш Президент күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Жетісу ауданының әкімі Т.К.Разақов барлығын мейраммен құттықтады. Іс-шараға қатысушылар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналған тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, Елбасының қызметі, отбасы суреттерінен құралған фотосуреттер және кітаптар көрмесімен танысты.
Бағдарлама Құрмаңғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінің әдемі күйімен басталды. Жиналған қонақтар үшін «Мұз-арт» тобының солисті Кенжебек Жанәбілов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жанболат Жұмағазин, «Салтанат» Қазақ мемлекеттік би ансамблі, «Меломэн» тобы, балалар шығармашылық үйінің кішкентай таланттары мен басқа қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.