Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.10.2018
Жетісу ауданында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өтті

2018 жылдың 11 қазанында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша аудандық идеологиялық актив кеңесі өтті.
Жетісу ауданының әкімі М.І.Тәжібаев өз сөзінде Жолдауда әсіресе әлеуметтік сипаттағы мәселелердің айқындалғанын атап өтті. Бұл құжатта Елбасы соңғы уақытта қазақстандықтарды толғандырып жүрген өзекті мәселелерді көрсеткен, сондай-ақ олдарды шешу жолдарын айтқан. Тұрғындардың табысын ұлғайту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын реттеу, шағын және орта бизнесті несиелендіру, қаржылық тұрақтылық, өкелең ұрпақ – Қазақстандық жастарға қолдау көрсету сияқты сұрақтар. Кеңес барысында Жолдаудың негізгі алты басым бөлігі жайлы айтылды.
1. Халық табысының өсуі;
2. Тұрмыс сапасын арттыру;
3. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру;
4. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат;
5. Тиімді сыртқы саясат;
6. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.

Іс-шараға алматы қаласы мәслихатының хатшысы Қ.О.Қазанбаев, қалалық мәслихат депутаты Қ.Қ.Құдайберген, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің бірінші басшылары, денсаулық сақтау, білім, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Жиналыста Жетісу ауданының білім бөлімінің басшысы С.А.кусаинова, №11 қалалық емхананың бас дәрігері М.Ә.Жүнісова, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары А.Т.Усаев, жеке кәсіпкер Е.У.Кимбаев баяндама жасады.

 


11.10.2018