Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2017
Жетісу ауданында «SAVILE HOUSE» аяқ киім тігін цехы ашылды

ҚР ІІД Алматы қ. ҚАЖД РММ «Мекемесі ЛА-155/6» кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандарды ұстайтын Республика бойынша жалғыз мекеме болып табылады, жеке кәсіпкер Раманкулов Д.К. «SAVILE HOUSE» көмегімен сотталғандарға аяқ киім тігін цехы ашылды және сол жерде кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандар жұмысқа орналастырылды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 119 бабына сәйкес мекеме әкімшілігінің мақсаты сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру, сотталғандарды ұйымдарға жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, мекемелердің аумағында не одан тысқары жерлерде жұмыспен қамтамасыз ету және оларды қорғай отырып оқшаулау болып табылады. Мекеме әкімшілігі барлық жұмысқа қабілетті сотталғандарды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

«Колонияда жұмыспен қамту» ІІ түрмелік реформасы кепілдемесін жүзеге асыру мақсатында мекеме әкімшілігі жазасын өтеп отырған  сотталғандарды жұмыс орынмен қамтамасыз ету бойынша және жауапкершіліктері шектеулі серіктестікпен жеке кәсіпкерлердің иелерін тартып өзара ынтымақтастырады.

Сонымен қатар мемлекеттік жеке серіктестіктер жүйесінде жеке кәсіпкерлерге мекеме әкімшілігі ақысыз түрде өндірістік аймақты пайдалануға береді және мемлекет тарапынан салық төлеуден босатылады.

Осы цехта қоғамға, нарыққа қажетті халыққа арналған күнделікті мерзімдік ерлерге және әйелдерге арналған аяқ киімдерді тігу өндірісі,  сонымен қатар ортапедттік балалар аяқ киімін тігу жоспарлануда, еңбек жалақысы айлық еңбек ақысы бойынша төленеді.

Бүгінгі күнде аяқ киім тігу тігін цехында 5 кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандар жұмысқа орналастырылды, болашақта сұраныс пен жұмыстың артуына байланысты жұмыс істеуге ынталанған сотталғандардың санын арттыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың жұмыс істеу уақыты тәуілігіне 4 сағат рұқсат етілген. Аталған цехта жұмыскерлердің жұмыс уақыты кодекске сәйкес күнделікті сағат 14:30-дан 18.00 дейін, және арасында 30 минуттық демалысы бекітілген, себебі сотталғандар орта жалпы білім беретін мектепке барауға тиіс.

Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Жетicу аудандық филиалы төрағасының орынбасары Әлбисенов Е., Кәсіпкерлер палатасының мүшелері, «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ Жетісу аудандық  жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері және «SAVILE HOUSE» тігін цехының қызметкерлері мен ҚР ІІД Алматы қ. ҚАЖД РММ «Мекемесі ЛА-155/6» қызметкерлері қатысты.

 

ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы қаласының ҚАЖД қарасты ЛА-155/6 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Н.Байдашева



23.06.2017