Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.03.2019
«Нұр-Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шаралары туралы айтылды

Іс-шараға Жетісу аудандық көпбалалы отбасы Одағының, аудындықәкімдіктің, тұрғын үй саясат басқармасының, қоғамдық әлеуметтік әл ауқат басқармасының өкілдерімен тағы да басқа 40-қа жуық адам қатысты.

Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вавилин Вячеслав жиналғандарға көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік көмек түрлерімен және «Нұр-Отан» партиясыныңXVIIIсъезінде көп балалы және аз қамтылған жанұяларға әлеуметтік қолдау көрсету түрлері туралы жиналған қауым алдында Елбасының басты тапсырмалары туралы баяндады.

Жетісу аудандық әлеуметтік әл ауқат бөлімінің бас маманы Әлия Нысанбайқызы өз кезегіндежиынға қатысушыларға мемлекеттік аумақтық әлеуметтік көмектің, тұрғын үйге байланысты көмекті кімдер және қалай алатындығы жайында және қандай құжаттар қажет екендігін түсіндірді.

Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының өкілдері қатысушы адамдардың сұрақтарына жауап берді, әйел азаматтарға баспана алу мақсатында кезекке тұру үшін құжаттарды қалай дұрыс рәсімдеуін түсіндірді.


15.03.2019