Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

05.04.2017
Жетісу ауданының ардагерлер ұйымы 30-жылдық мерейтойын атап өтті

Мерейтойға арналған салтанатты іс-шара Жетісу ауданында ардагерлік ұйымның тарихи оиғасының тағы бір елеулі кезеңі ретінде өткізілді.

Ардагерлер кеңесінің төрайымы Умралиева Сания Алденқызы өзінің құттықтау сөзінде

- «Қымбатты ардагерлер!» Бүгін біз маңызды оқиғаны– біздің ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. 30 жыл деген шығармашылық күштің нағыз гүлдену кезеңі. Бірақ жасы үлкен адамдар үшін – бұл ұлы өмір. Отанға шексіз беріліп қызмет етуге, өмірдің қиын кезеңдерінде риясыз көмек көрсетуге дайындыққа толы өмір.

Аудандық ардагерлер кеңесі 30 жыл бойы күрделі әрі бекзат вахтаны атқарып келеді, қарт адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Ардагерлердің даналықтары мен ақылдарын, мол тәжірибелері мен шығармашылық мүмкіндіктерін пайдалана отырып жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында оларды қоғамдық өмірге белсене қатыстырып келеді. сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мұрасына жауапкершілікті арттыру, өз өмірлерін құрбан етіп бізге бақыт пен бейбітшілік сыйлаған азаматтарымызды ұмытпау сияқты мәселелер әруақытта өз шешімін табады.

Сіздер, қымбатты ардагерлер, біздің Жеңіске алтын парақтар қалдырдыңыздар, баға жетпес үлес қостыңыздар. Алдарыңызда басымдызды иеміз! Мықты денсаулық, бақыт және бейбітшілік тілейміз!» деді.

Ардагерлерді осы маңызды датаға орай Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Тоғай Санжар Әділұлы да құттықтады, аудандық ұйымның жұмысына жылдар бойы сіңірген еңбектері үшін грамоталар мен алғыс хаттар берді. ҰОС ардагерлері мен шара қонақтарына мерекелік дастархан жайылды.


05.04.2017