Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

04.04.2016
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ЕСКЕРТПЕ! АЛАЯҚТАР ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ!

Соңғы кездерде смс-таратулар және электронды хаттар арқылы жеңіл және оңай жолмен несие алу (жабу) мүмкіндігі жайлы хабарламалар тарату жағдайлары жаңғартылған.

Әдетте, алаяқтар азаматтардың амалсыздығы мен сенгіштігін пайдаланып,ақша қаражаттарын алудың қол жетімді шарттарымен қызықтырады.Сондай-ақ, несиелендіру бойынша оңтайлы жауап алу үшін алдын-ала төлем төлеуге көндіріп, күмәнді жобаларға ақша қаражаттарын салу мен инвсетициялау арқылы қысқа мерзім ішінде табыс табуға уәде береді.

Осыған ұқсас ұсыныстарға сақтықпен қарап, ең алдымен саналы болыңыз. Өзіңізді алаяқтардан қорғап қалу өте жеңіл.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) ресми әрекет ететін екінші деңгейдегі банктер мен несиелендіру бойынша қызмет көрсететін және салымдарды қабылдайтын барлық микро-несиелендіру ұйымдарының тізімімен танысуға болады.

Сонымен қатар, аталмыш ақпаратты Ұлттық Банктің барлық облыстарындағы, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарынан алуға болады.

Қарағылық танытып, алаяқтардың айла-әдістеріне берілмеңіздер, өзіңізді алдауға жол бермеңіздер.

Алаяқтық, біз өзімізді алдатуға жол берген сайын табысты болатынын есте сақтаңыздар.

Қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін ұстаныңыздар, өз жақындарыңызға олар жайлы айтыңыз да, өзіңіздің капиталыңызды заңсыз әрекеттерден қорғап қалыңыз.

Егер Сіз, Сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болып қалсаңыз немесе Сізге қарсы заңсыз әрекеттердің жоспарланып жатқанына сезіктенсеңіз – аумақтық ішкі істер органдарына немесе прокуратураға дереу жүгініңіз. 


04.04.2016