Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

03.02.2017
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төраға орынбасары Г.Исимбаева «Казлегпром-Казахстан» ЖШС-нің ұжымымен Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізді

Үстіміздегі жылдың 3 ақпанында «Казлегпром-Казахстан» ЖШС-нің ұжымымен Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізілді. Іс-шараға  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.И. Исимбаева, Алматы қаласының маслихат депутаты, «Казлегпром-Казахстан» ЖШС-нің директоры А.Б. Бектұрғанов. Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Т.К. Разақов, «НұрОтан» партиясының мүшелері қатысты.

Өз сөзінде Г.И. Исимбаева «Елбасының халыққа Жолдауы тәжірибесі Қазақстанның саяси дәстүріне айналған. Жыл сайынғы әрбір Жолдауында бір даму кезеңі қорытындыланып, жаңа кезеңге міндеттер мен мақсаттар қойылады. Осы кезге дейін айтылған және екі экономикалық дамудан өткен Жолдаулар жүз шақты аурухана мен емханалар, мыңдаған мектептер мен балабақшалар, он мыңдаған жолдар, жүз мың шаршы метр тұрғын үйлер, жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындары ретінде орындалып көрініс алып келеді. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» - бұл жаңа дәуір алдындағы, төртінші индустриалды революция қарсаңындағы жаңа императив. Үшінші жаңғырту – бұл әлемнің дамыған 30 мемлекеті қатарына кіру және өсу үшін болашаққа апарар көпір» деді. Сондай-ақ, Елбасы Жолдауда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін орындауды қажет ететін басымдықтарды белгілеп бергенін атап айтты. 

«Ол, экономиканың жаңа салаларын өсіру, ол экономиканың базалық саласын жаңғырту, жаппай кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, ең алдымен білім мен денсаулықты бәсекеге қабілеттіліктің басты факторлары ретінде адами капитал сапасын жақсарту» деп - Мәжіліс Төрағасының орынбасары өз сөзінде айтып өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауында барлық елді-мекендер бойынша бос жұмыс орындарының бірыңғай онлайн алаңын құру туралы тапсырмасын ерекше айтты.

«Соның арқасында азаматтың өзіне қажетті жұмыс орнын бір көзден көріп, таңдай алады. Бес басымдықтың әрқайсысы нақты адамға, экономиканың дамуына бағытталған, ал тұрғындардың және нақты бір азаматтың әл-ауқатын жақсарту мақсаты болып табылады» - деп Г.И. Исимбева өз сөзін қорытындылады.

Кездесу динамиқалық түрде өтті, жиналысқа қатысушылар жаңа Жолдаудың негізгі бағыттарын қолдайтындарын айтты. Әңгіме барысында сұрақтар қойылып, Г.И. Исимбаева сұрақтарға нақты жауаптарын беріп отырды.


 

03.02.2017