Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019
Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ!

1993 жылғы 19 қаңтарда Елбасымыз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   Жарлығымен Қарулы Күштерде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты құрылды. Осы сәттен бастап Қарулы Күштердің қалыптасуы және дамуымен үздіксіз байланысты тәрбие жұмысы органдарының тарихы басталды. Бүгінде әскери бөлімдер мен мекемелерде тәрбие құрылымының мыңнан аса офицері - жеке құраммен жұмыс жасау жөніндегі барлық деңгейдегі мамандар, идеологиялық және психологиялық жұмыс мамандары өздерінің қызметтік міндеттерін орындауда. 26 жыл ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері моральдық-психологиялық жағдайды сауықтыру, әскери қызметтің беделін арттыру, әскери тәртіп пен құқықтық тәртібін нығайту үшін қыруар жұмыс атқаруда. Тәрбиеші офицерлер жауынгерлік сайысты ұйымдастыру, әскери-арнайы, мәдени-тынығу, психологиялық және идеологиялық жұмыс арқылы әскери ұжымдардың жұмылуын ұйымдастыруға белсене атсалысады.

Міне осы негізде, үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында ҚР Қарулы Күштерінің тәрбиешілер институтына 26 жыл болуына байланысты және 2468 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары – бөлім бастығы подполковник М.А.Антоновты еске алуға байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2027 әскери бөлімінің басшылығымен бөлімнің спорт залында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараға Алматы гарнизонында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімшелерінің әскери қызметшілері белсенді қатысып, жарыс- тартысы өтті. Жарыста қатысушы құрама командалар өздерінің қайрат-жігерімен, айла-тәсілімен, тәжірибесімен, шеберлігімен бір-бірінен басым түсуге тырысты. Дегенімен, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» -демекші, өздерінің ептілігімен, мықтылығымен топ жарған 2021 әскери бөлімінің құрама командасы 1-орынды иеленсе, 2468 әскери бөлімі 2-орынды, ал 3-орынды 2027 әскери бөлімінен құралған команда иеленіп, диплом және кубоктармен марапатталды.

2468 әскери бөлімі, ТӘҚЖБ бөлімі


24.01.2019