
07.04.2018
2018 жылдың 07 сәуірінде Жетісу ауданы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалалық марафонына қатысты.
Марафонның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті жақсарту, қоғамда құқықбұзушылыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, алматылықтарды жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру және азаматтық позициясын белсендету болып табылады.
Марафонға қаламыздың 8 ауданы да атсалысты.
«Эстафетаның алауы» ретінде бір ауданнан екінші ауданға «Адал жол – Честный путь» кітабы тапсырылып отырды, оның беттерінде өткізілген іс-шаралар суреттері орналастырылды.
Медеу ауданының делегаттарын Жетісу ауданы Алматы-2 вокзалының алдындағы алаңда қарсы алды. Эстафета аясында шағын концерттік бағдарлама мен автомеханикалық колледжінің 250 студенттерінің қатысуымен «Адал жол» флеш-мобы ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқан жалпы адам саны 1000 жуық болды.