Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



ЖЕТІСУ АУДАНЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ


Бүгінде Жетісу ауданы, 166 мың адам тұратын және аумағы 39 ш.км. асатын – орасан зор экономикалық әлеует шоғырланған Алматының ірі сауда және өнеркәсіп орталығының бірі болып табылады. Қалалық салық түсімінің 6%, өнеркәсіп өнімдерінің 20%, қаланың негізгі капиталына инвестиция көлемінің 9%, көтерме және бөлшек тауарайналымының 15%, Алматының шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 10% осының дәлелі. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 50 млрд. теңгені құрады (жалпықалалық көрсеткіштің 9%) немесе адам басына шаққанда 318 134 теңге.

Қаржы

         2016 жылға аудан әкімі аппаратына 3879319,0 мың теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінген, игеру 100 пайыз.

 Салықтар

         2016 жылға мемлекеттік бюджет болжамы 87 677 млн.теңгені құрады, 2016 жылдың 30 желтоқсанына дәйекті түскені 97 440 млн. теңге, орындалу пайызы 100%.

Оның ішінде, республикалық бюджет болжамы 62 231млн.теңге сомасында бекітілген, дәйекті түскені 70 264 млн.теңге, орындалу пайызы 113% құрады.

Жергілікті бюджет 26 446 млн.теңге сомасында бекітілген, бюджетке дәйекті түскені 27 176 млн. теңге, немесе 103% орындалды.

 Өнеркәсіп

         Ауданда қолданыстағы бағада 141 545 млн.теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

Барлық өнеркәсіп бойынша физикалық индекс көлемі 99,6% құрады.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 50 963 млн.теңгені құрады.

Нақты орташа айлық жалақы көлемі – 130 896 теңге.

Аудан бойынша ірі және орта кәсіпорындардағы жұмысшылардың саны 36 867адамды құрады.

 Шағын кәсіпкерлік

         2016 жылы бөлшек тауарайналымы - 303,5 млрд. теңгені құрадынемесеқалалық бөлшек тауарайналымының 14 %.

Көтерме тауарайналымыіске асырудың барлық каналдары бойынша1 444,3 млрд. теңгеніқұрады, немесе қалалық көтерме тауарайналымының 15%.

2 984жаңа жұмыс орындары ашылды.

         Шағын және орта бизнес Жетісу ауданы экономикасының базисі болып табылады, сондықтан инвестициялық жағдайды жақсарту және әкімшілік тосқауылдарды төмендету негізгі мақсаттардың бірі.

Осылайша, 2016 жыл басынан «2015-2019 жж. арналған Алматы қаласы кәсіпкерлікті қолдау картасы» аясында ауданның 18 жобасы  мемлекеттік қолдау алды, ол кәсіпорындарда1 552жұмыс орны бар, олардың 349 жаңадан құрылған және 1 203 сақталған орын, бөлінген қаражат5,8 млрд. теңге.

2016 жылы ауданымызда бірнеше кәсіпорын ашылды, олар нан өндіруші «Хлебозавод №7» ЖШС, 129 жұмыс орнымен, инвестиция сомасы – 450 млн.теңге; «Magnum Cash & Carry» сауда орталығының13-і филиалы, 470 жұмыс орнымен; «DOCTOR GREEN» ЖШС инвестиция сомасы – 105 млн. теңге, 62 жаңа жұмыс орны құрылды.

2016 жылы 9 кәсіпорын жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолданысқа енгізді («Склад ОВ» ЖШС, ЖШС «Асфальтобетон», «Корпорация Держава» ЖШС, «GoldenRillTrade» ЖШС, «KBSEngineering» ЖШС, «Алпроф» ЖШС, «Алматы Лифт» ЖШС, «Нурсапа Бетон» ЖШС және «TELLUS commerce» ЖШС) жалпы инвестиция сомасы - 1 816,5 млн.тг., қолданыстағы 498 орынды сақтай отырып 458 жаңа жұмыс орны ашылды.

2017 жылы 5 кәсіпорында жаңа жабдықтар орнатып, жаңарту жүргізу жоспарланған ( «ПК КазСтройБлок» ЖШС мен «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Швейная фирма Семирамида» ЖШС, «КазСПО-Н» ЖШС, «Cалават БС» ЖШС) – инвестиция сомасы – 3 млрд.тенге, 310 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 27 жоба қолдау алды, несиенің жалпы сомасы 6 млрд. 629 млн.тг., құрады, қаржыландырудың жалпы сомасы 1млрд. 814млн. тг., 327 жаңа жұмыс орны құрылды.

Осы бағдарлама бойынша қолдау алған ірі жобалардың бірі, ол «Салават-БС» ЖШС. Жаңа жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алуғажалпы сомасы – 2 млрд. 280 млн.тгнесие алынып, соның арқасында жылына 200000 куб м. бетон шығаруға болады.

«Бизнес жол картасы 2020» кепілдендіру бағдарламасы бойынша 190 млн.тг. сомасына 7 жоба өтті, олардың ішіндегі кепілдендіру сомасы – 67 млн.тг. ол 555 орынды сақтап қалуға және 167 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

«Жібек Жолы» - Алматы қаласының шағын және орта кәсіпорындарын қаржыландыру аймақтық бағдарламасын іске асыру аясында 343 млн. тенге сомасына 25 жаңа жұмыс орнын аша отырып мемлекеттік қолдауға 8 жоба ие болды.

«Даму-Өндіріс» бағдарламасының арқасында өнеркәсіп өңдеуші кәсіпорындар белсенді қолдау алып келеді – ауданның 20 кәсіпорны қаржыландырылды. 3 кәсіпорынға бизнесін дамыту үшін 7,6 млн. теңге көлемінде гранттар берілді.

2 базарды жаңарту жұмыстары жалғастырылуда (Юпитер мен Довун) инвестицияның жалпы сомасы – 1 млрд..тг.

2016 жылдың  басынан аудан бойынша Жетісу ауданы ІІБ табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірге 141 бірлескен аралау ұйымдастырып, нәтижесінде 43 дүңгіршек, 2 контейнер және 3 аялдама кешені сүрілді. ҚР ӘҚБК 204 бабы бойынша «Рұқсат етілмеген орындардағы сауда» 519 хаттама толтырылды, айыппұлдардың жалпы сомасы – 900 000 тг., оның – 761500 тенгесі өндірілді, өндіру пайызы – 86.

Алматы қаласы Әкімдігінің 2016 жылдың 07 қазанындағы «2016-2017 жж. жылу беру мезгілін бастау туралы» №4/493 қаулысына сәйкес, барлық әлеуметтік маңызды нысандар: 21 жалпы білім беретін мектеп, 21 мектепке дейінгі мекемелер, 3 денсаулықсақтау нысаны және Жетісу ауданының 691 тұрғын үйі жылуға қосылған. Аудан бойынша жеке тұрғын үйлерді 8 жеке қазандықтар жылытады.

Қазіргі уақытта 223 жалпы үйлік есептегіш құралдары орнатылған. Жалпы есептегіш құралдардың қажеттігі 403. 440 үйде ЖПИК жеке қаражаты есебінен 609 түрлі жұмыс жүргізілген, шатырды, подъездерді, инженер желілерін жөндеу, шағын архитектуралық пішіндер орнату.

Ауданның 23 ЖПИК үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін екінші деңгейдегі банктерде 182 жинақтау есепшоттарын ашты. Ағымдағы жылы ауданның ЖПИК жақсарту мақсатында Алматы қаласы өкілетті органдардың қатысуымен 28 кеңес өткізілді.

Бюджет қаражатының есебінен 34 аула аумақтары ағымдағы жөндеуден өткізілді, 1950 ш.м.қауіпсіз резеңкесі бар және 25000 ш.м. асфальт-бетон жабындысы жөнделді, шағын архитектуралық пішіндер орнатылды.

«Данияр С.Е.К.» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықты уақытша тастау үшін 64 контейнер алаңдарының жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Құлагер, Көкжиек, Айнабұлақ шағынаудандары мен «Максима» ойын сауық орталығының жанындағы тұрғын үйлердің ауласында 315 әртүрлі талдар отырғызылды.

Мемлекеттік жеке әріптестік бойынша Сейфуллин мен Суінбай даңғылдарында 11 тұрғын үйдің қасбеттері жөндеуден өткізілді.

Инвесторлардың қатысуымен 14 балалар және спорттық алаңшалары орнатылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында аудан аумағында 3130 бейнебақылау камералары орнатылды, оның ішінде:

- «Қауіпсіз аула» жобасы бойынша – 2267

- білім беру нысандарында – 863.

Ауданның жол инфрақұрылымы, ұзындығы 212,62 км құрайтын 226 көшеден, ұзындығы 8,325 км 8 көлік жолайрықтарынан, ұзындығы 9,9 км. болатын 7 шағынауданнан тұрады.

2016 жылы ұзындығы 4,201 км. құрайтын 10 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 9663 шамдарына, 120 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарына қызмет көрсетіледі, жарықтандыру желісінің жалпы ұзындығы - 305,227 км. Барлык 120 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарына  автоматикасын ауыстыру жұмыстары жүргізілді және 1080 жарықдиодтық шамдар орнатылды.

Аудан аумағын санитарлық тазарту мақсатында «Таза бейсенбі» және «Жергілікті сенбіліктер», елді-мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету бойынша мердігер ұйымдардың басшыларының қатысуымен комисиялық аралау шаралары ұйымдастырылады, хаттамалар толтырылады, анықталған ескертулер мерзімге сәйкес ығыстырылады.

2016 жылдың көктемінде нөсер жаңбырдың салдарынан Ангарский, Маркелов, Летний, Станиславский, Уссурийский, Ақбұлақ көшелерін су басып, аудан әкімінің аппаратымен келесі жұмыстар ұйымдастырылды:

- 83 км. арық желісін тазарту;

- 2,8 км. арықтарды жаңарту;

- су қорғау аймағын көріктендіре отырып 2,4 км. өзен арналарын жайластыру.

Барлық жаяу жүргінші жолдары мен қалалық, аудандық және жергілікті маңызы бар көшелерде көктайғаққа қарсы материалдарды (құм-тұз қоспасы) себу жұмыстары жүргізілуде, қар шығарылуда, шағынаудан араларындағы көлік жолдары тазартылуда, жалпы ұзындығы 220 695 м. Барлығы 85 860 м3 қар шығарылды.

«Есентай» өзенінің Райымбек даңғылынан Ангарский көшесіне дейін жаңғырту жұмыстары жалғастырылуда. Есентай өзенінің жаңартылатын бөлік ұзындығы Летний мен Бөкейханов көшелері бойымен 4580 метр құрайды. Жобада түбін тереңдете отырып өзен арналарын тазарту,жағалауы мен өзен түбін күшейту, темірбетон және габионды құрылғылармен бекіту, жаяу жүргінші жолдарын жабдықтау, болат қоршауларын орнату, «Су қорғау аймағы» белгісін қою қарастырылған. Жаяу жүргінші және көлік көпірлерін жаңарту. Бетон бөлігінің ұзындығы – 2,2 км., габиондар – 2 км., бетон бөлігінде жауя жүргінші жолы-2,2 км жақтаулар. 2016 жылы бірінші кезекті жөндеуді іске асыруға бөлінген сома 780 408 000 теңге.

«Корпорация ТАС» ЖШС мердігер ұйымының күшімен арық желілерін ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар келесі мекенжайларда аяқталды: Станиславский көш., №47 үйден Рысқұлов даңғылына дейін, Жансүгіров көшесі Сейфуллин даңғылынан Рысқұлов джаңғылына дейін, Палладин көшесі Жұмабаев көшесінен Павлодарский көшесіне дейін (өткелдер), Сүйінбай даңғылы Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейін. Қазіргі уақытта Мұқатай көшесі Жұмабаев көшесінен Палладин көшесіне дейін, Айнабұлақ-3 шағынауданы №92,93,94,96 үйлердің арасындағы арық желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Ратушный», «Жангелдин», «Вокзал-2» саябақтарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілді.

«Конфорс» ЖШС және «АВМ Building 2007» ЖШС мердігер ұйыммен ауданның 6 көшесі бойынша жаяу жүргінші жолдары салынып, жөндеуден өткізілді: Бурундайский, Ақпаев, Гастелло, Северное полукольцо, Крылов көшелері, Сүйінбай даңғылы Райымбек пен Рысқұлов даңғылдарының арасы.

2016 жылы 865 жаңа көше урналары орнатылдыжәнезаманауи үлгідегі 284 орындықтар қойылды.

Серіков  көшесімен Сосновая көшесінің қиылысында, Серіков көшесі №1 үйдің алдында 2 аллея құрылысы аяқталды.

Айнабұлақ-2, Дорожник шағынаудандарында «Есентай» өзенінің батыс жағында Дания архитекторыЯн Гейлдын бағдарламасы бойынша саябақ құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.

Жыл басынан 500 ағаш сүрілді, санитарлық және пішіндеп кесу жоспары 100 % орындалды. «За Ра Гранд» ЖШС мердігер ұйымы 70,66 га алаңдағы ағаштарға химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.

2016 жылдың сәуір айында Көкжиек шағынауданында 1700 ағаш отырғызылды (қарағаш пен емен). Ауданның көгал ландшафының Серіков көшесіндегі «Альпі төбешігі» 2 гүлзары мен 30 қарағай ағашы отырғызылған аллеясы қосымша сән береді.

Ауданда Северное кольцо мен Бөкейханов көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы жалғасуда (құрылыстың басталуы 2015 жылдың қыркүйек айы). Тапсырыс беруші Алматы қаласының жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары басқармасы болып табылады, мердігер «Дәулет Дор Строй» ЖШС, эстакада ұзындығы – 427 метр, ені – 27 метр, 6 жолақ, 8 түсу жолдары (айналым).Құрылыстың аяқталу мерзімі 2017 жыл.

2016 жылы өз жұмысын жергілікті полиция қызметі бастады. Аудандық ішкі істер басқармасында 274 қызметкер бар, олардың 92-сі жергілікті полиция қызметіне қарайды, учаскелік инспекторлар саны – 52, ювеналды полиция қызметкерлері – 29 адам.

Есептік мерзімде қылмыстық іздестіру бойынша қылмыстың 8,9 % немесе 2015 жылмен салыстырғанда 667 төмендегені байқалады. 12 ай қорытындысы бойынша құқықбұзушылықтың барлық түрлері бойынша қылмыстың ашылуы 22,2% құрады, оның ішінде қылмыстар бойынша 19,5%, қылмыстық қылықтар бойынша 96,7%, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 30,9%.

Ауданның аға буыны – соғыс және еңбек ардагерлері үнемі қамқорлыққа алынған және назардан тыс қалмайды. Ауданда 35 Ұлы Отан соғысының ардагерлері және екі мыңнан астам еңбек майдангерлері тұрады.  Қарт адамдар айлығы кезінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек майдангерлері мен зейнет жасындағы тұрғындар аудан кәсіпкерлерінің белсенді қолдауын алып, барынша қамтылды.

Аудан бойынша 27 отбасына 5000,35 мың теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 147 отбасыға 378 балаға жалпы сомасы 4962,92 мың тг. көмек көрсетілді.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 10 отбасыға (70 адам) 2262,09 мың теңге төленді.

Аз қамтылған азаматтарды қолдаудың тағы бір нысаны тұрғынүй көмегін көрсету болып табылады, 192 отбасына 3574,54 мың теңге көлемінде коммуналдық қызмет үшін көмек тағайындалды.

 

78 ҰОС мүгедегіне, ҰОС қатысушылар мен қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына 5,5 АЕК көлемінде жалпы сомасы 5438,43 мың теңгеге, ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілді.

1141 адам 7 АЕК көлемінде жылына бір рет алынатын жыл сайын тағайындалатын әлеуметтік көмек ала алды, жыл басынан тағайындалған әлеуметтік шығындардың жалпы сомасы – 31822,27 мың теңгені құрады.

16 адам 7 АЕК көлемінде ай сайын тағайындалатын әлеуметтік көмек алды, жалпы сомасы 351,89 мың теңге, амбулаториялық ем қабылдау кезеңіндегі ІV санаттағы түберкулезбен ауыратын азаматтарға беріледі.

Табысы жан басына шаққандағы екіреттік өмір сүру құнынан аз 484 адамға 7,5 АЕК көлемінде жалпы сомасы 7699,47 мың теңгеге әлеуметтік көмек алды.

Суық және ыстық сумен қамтамасыз етудің жеке есеп құралдарын сатып алу, орнату және тексеру үшін кеткен шығынды өтеуге аз қамтылған 64 азаматқа жалпы сомасы 594,94 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

2016 жылы Жеңістің 71 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС қатысушыларының жесірлері, ҰОС теңестірілгендерге, Ауғандағы оқиғада қаза тапқандардың (хабарсыз кеткендер) немесе сол жылдары алынған жарақаттан, бас, дене мүшесінің зақымдануынан қайтыс болғандардың отбасыларына 475 адамға 19890,00 мың теңге сомасына бірреттік материалдық көмек көрсетілді.

Алматы қаласы Мәслихатының 2016 жылғы 24 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына бірреттік әлеуметтік көмек көрсету туралы» №62 шешіміне сәйкес Жетісу ауданы бойынша – 6639 тұрғынға – 331950,00 мың теңге көлемінде көмек берілді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау үшін «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту жөніндегі жәрдемақыға» 72 адам өтінім берген, жыл басынан кеткен қаражат – 2948,24 мың теңге.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу жөніндегі комиссияға бірреттік өтемақы алуға 57 өтініш түсті. Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдік алуға 75 куәлік берілді.

1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын арнайы комиссия қарауына 46 іс түсті. Комиссия Ұлы Отан соғыс аралығында жұмыс істеген 38 адамның өтілін белгіледі, 8 іс бойынша бас тарту шешімі қабылданды.

Ауданның кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі комиссия қарауына 29 өтініш түсті, олардың: 21 бойынша қамқоршы тағайындалды, 8-нен мүлікке салынған ауыртпалық алынды, 4 – өкімге өзгертулер енгізілді..

Әлеуметтік сала бөлімі жанында жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 4 бөлімшесі қызмет етеді. Әлеуметтік жұмысшылар саны 30 адам, бөлімшелерде 229 адамға қызмет көрсетіледі, оның ішінде 16 мүгедек.

2016 жыл басынан «Жұмыспен қамту орталығы» МҚК жұмыссыз ретінде 2858 адам тіркеді. Есептік мерзімде есепте тұрған азаматтардың саны 734 адам, жұмыспен қамтылғандар 2100 адам, қоғамдық жұмысқа – 297 адам жіберілді..

Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері

2016 жылы зейнетақы алушылар және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны – 24 624 адам. Есептік кезеңде төленген зейнетақы көлемі – 983 207 579,2 теңгені құрады, төленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері – 139396 835,5 теңге.

Ауданның денсаулық сақтау мекемелері тұрғындарға жоғары білікті медициналық көмек береді. Тұрғындардың қол жетімдігі мен қолайлығы үшін әрбір емханада қабылдауға алдын ала жазылу жүйесі ұйымдастырылған, электрондық кезек автоматтандырылған жүйесі істейді, соның нәтижесінде кезекке тұру мәселесі едәуір азайды. Әрбір медициналық ұйымда интернет-ресурс пен пациенттерді қолдау қызметі жұмыс атқарады, оған әрбір тұрғын бара алады. Аудан үшін маңызды жетістік сәби өлімі көрсеткішінің төмендеуі, 2015 жылы 3,8 промилле болса, 2016 жылы 3,1 промилле деңгейіне дейін азайған.

Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің бірі – түберкулезден өлу көрсеткіші ауыдан бойынша төмендеп келеді және 100 мың адамға 2016 жылы 4,9 пайызды құрады (8 жағдай), 2015 жылы 7,0% (11 жағдай) болған, төмендеу – 2,1 %.

Салауатты өмір салтын насихаттау ауданда белсенді жүргізіледі, 257 спорттық шаралар өткізіліп, 16 мыңнан аса адам қамтылды.

Ауданның спорттық және ойын сауық нысандарының арасында 2016 жылдың сәуір айынан өз жұмысын жалғастырған Алматы ипподромы ерекшеленеді. Барлық бәйге жолдары мен ат қоралар өз жұмыстарынатқаруда. Есептік кезеңде 12 ат жарысы өткізілді.

Ауданның білім беру жүйесінде 21 жалпы білім беретін мекеме жұмыс істейді. 2016-2017 жж. аудан мектептерінде 23049 оқушы білім алады. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылардың саны 2211 балаға артқан.

Аудан түлектерінің ҰБТ орташа баллы 2016 жылы – 90,86 баллға жетті.ҰБТ 263 түлек қатысты.

2016 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында Жетісу ауданының мектептерінде аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларын, жетім және ата-анасынан айырылған балаларды қолдауға бағытталған «Мектепке жол» акциясы өтті. Осы санаттағы барлық оқушы қайтарылатын негізде мектеп кітапханасы қорынан кітаптар және басқа да қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етілген.

30 тамызда «Конституция Күні» мемлекеттік мерекесінің құрметіне іс-шара өткізіліп, онда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына 250 дана мектепке қажетті құралдары салынған оқушы сөмкелері табысталды, 10 жетім бала мектеп формасы мен аяқ-киім сыйға алды, 300 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілді.

Мектеп педагогтары «Меткепке жол» акциясы аясында ішкі істер органдары, ата-аналар қоғамы, әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе базарларда, көлік жуу орындары, жанар май құю стансалары, теміржол және автобус вокзалдарында, ойын-сауық жерлері мен жертөлелерінде және т.б. жерлерде қауіп-қатер тобындағы балаларды анықтау бойынша 396 рейдтік шараларын жүргізді.

Тұрмысы төмен, көпбалалы, қамқорлыққа алынған балалардың, жетім, мүгедек балалардың осы санатын растайтын тиісті құжаттары барлардың мәліметтер базасы құрылған, соның негізінде жалпы оқыту қоры есебінен көмек көрсетіледі. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімде және мектеп ішілік есепте тұратын балалардың, қолайсыз отбасылар мен қауіп-қатер тобындағылардың тізімі құрылған.

Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы барлық заманаиу талаптарға сай.

Ауданның мектепке дейінгі білім беру жүйесі 21 мемлекеттік балабақшадан тұрады, жобалы қуаттылығы 3620 орын, 4478 бала қамтылған. Жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер – 34, оларда 1271 бала тәрбиеленеді. 2016 жылы 20 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер мен шағын орталықтар ашылды.

Бала туу және көші-қон көрсеткішінің өсуі мектептегі білім беру жағдайына әсер етеді. 2016 жылы бірінші сынып оқушыларының саны 526 балаға артты.

Ауданда «Балапан» тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы дамып келеді. 2016 жылы осы бағдарлама бойынша 164 697,0 мың теңге бөлінген. Бағдарламамен 738 бала қамтылған, игеру сомасы 134 697,0 мың теңгені құрады немесе 100%.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы»№898 Жарлығына сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функциялары, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау функцияларын қоспағанда жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен 10 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 9 қызметті азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және бір қызметті мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі көрсетеді. 2016 жылдың 12 айында халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 6956 қызмет көрсетілді, мемлекеттік орган арқылы 2465 қызмет, «Электронды үкімет» порталы арқылы – 749 қызмет.

Есептік кезеңде Жетісу ауданында кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің еңбек ұжымдарында 350 ақпараттық-насихаттау және тәрбиелік сипаттама кездесулер өткізілді, 7000-нан астам тұрғындар қатысты, ақпараттық-насихаттау тобымен 80 лекция, баяндама оқылды, 100-ден аса кездесулер мен басқа да шаралар ұйымдастырылды, электронды және баспа БАҚ-та 70-тен астам іс-шара жарияланды.

Есептік кезең барысында көрнекі үгіт-насихатты сақтау және уақытылы жаңартып тұру бойынша 60-тан астам ұйымда 4 рейд жүргізілді. Жетісу ауданының білім беру мекемелерінде казақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздерді білу және насихаттауға бағытталған конкурстар, викториналар, сынып сағаттары, семинарлар өткізіледі. 30 аса лекция, тақырыпты семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен басқа да шаралар ұйымдастырылып, 3000-нан аса адам қатысты.

Жетісу ауданында 22 діни ұйым тіркелген: 6 мешіт, 2 шіркеу, 2 рухани оқу орны, 12басқа бағыттағы діни ұйым, 2 намазхана. 2016 жылдың басынан 6 сауда орталықтарында кешенді тексеру ұйымдастырылған.

Жетісу ауданындағы діни ахуал тұрақты деп сипатталады.

Аудан әкімінің аппараты діни жағдайдың даму тенденциясына үлкен көңіл бөледі, жеке діни құрамдардың қызметінде конфессияаралық қарым-қатынасты шиеленістіруге әкеп соғатын радикализмді болдырмау бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. 2016 жылы арнайы орта білім орындарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, мектеп директорлары және бизнестік құрылым өкілдерінің қатысуымен 20-дан аса кездесу өтті.

Жетісу ауданында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Әлеуметтік шиеленісу ошақтары уақытылы анықталып тұрады, ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған жедел шаралар қолданылады.

Өзекті мәселелерді анықтау үшін және тұрындардың әлеуметтік көңіл-күйін тексеру үшін ауданда болып жатқан экономикалық, әлеуметтік, саяси және қоғамдық процестердің мониторингі үнемі жүргізіліп тұрады.