Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ 2016 Ж. 

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқық қорғау органы академиясымен бірге "Прокурордың 100 кеңесі" кітабы және мобильді қосымшасын жасап шығарды.

Екі тілде жасалған жинақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтында (http://prokuror.gov.kz/rus/advice), 115.kzпорталында және смартфонға арналған тегін мобилді қосымшада (iOSжәне Android платформаларында) қол жетімді.


Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау

Азаматтырдың еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жетісу ауданы прокуратурасымен үнемі еңбекшілердің құқықтарын сақтау бойынша талдау жүргізіледі.

Аудан прокуратурасының қабылдаған шаралары арқасында, 2016 жылы жалақы бойынша қарыз 180 млн. тенгеге төмендеді, адамдар көптен күткен еңбек ақыларын алған.

ЖШС «Car Lux Service Group», ЖШС «Промтехсервис-У», АҚ «Мунайаспан», ЖШС «Диана-Алия», ЖШС «Саур Investment», ЖШС «Гордорремстрой» мекемелерінде жалпы қарыз соммасы 45 млн. тенге толығымен жалақы өтеліп, 70 азаматтардың конституциалық құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, АҚ «СЕРТ» мекемесінде 152 млн. тенгеден, 18 млн. тенгеге қарыз кемітілді.

Соңғы 3 жыл аралығында, 961 жұмысшы 460 млн. тенге еңбек жалақысын алды және осындай жұмыс бір реттік акция ретінде жүргізілмей, үнемі жүргізіледі.

Мемлекет мүддесін қорғау

2016 жылы Жетісу ауданының прокуратурасы мемлекет бюджетін толықтыру бағытын жалғастырды.

2014 және 2015 жылдары аудан прокуратурасының шаралары арқасында мемлекеттік бюджет 365 млн. және 1,2 миллиард тенгеге толықтырылса, 2016 жылы Жетісу ауданы прокуратурасының ұжымы мемлекеттік қазынаны 740 млн. тенгеге толтырды.

Жыл сайын аудан прокуратурасын күтіп ұстауға 80 млн. тенге жұмсалатынын айтып кеткен жөн.

Осыған орай, Жетісу ауданы прокуратурасын күтіп ұстауға арналған соммадан бюджетке 9,5 есе артық кіріс қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасы қадағалауындағы қылмыстық істерді тергеу қорытындысы бойынша және кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы, мемлекеттік бюджет 661 млн. тенгеге толтырылды.

Балаларға қамқорлық

Жетісу ауданының прокуратурасының бастауымен «Спортқа апарар жол» жобасы өз бастауын тапты.

Толық емес және жағдайы төмен отбасыларында тәрбиеленетін балалар өз дарынын және қабілетін жүзеге асырып, көрсету үшін қаражатта шектеу көретіндігін талдау көрсетті.

Сол себептен, жоба балалар мен жесір аналарды мемлекетпен әлеуметтік қорғау, бәсекеге сай ұрпақты тәрбиелеп, дамыту қажеттілігінен туындап отыр.

Прокуратураның ұсынысымен үш спорттық клуб 30 мектеп оқушыларын әскери жекпе-жекке оқытуды бастады. Бұл жоба балалар спортын дамытуға және шынай ниеті бар балаларды қолдауға бағытталған.

Жоба жастардың болашақтағы спорттық көрсеткіштеріне оң септігін тигізіп, қажет ететін отбасыларға әлеуметтік көмек болып, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты алдын алып, қылмыстың төмендеуене тағы бір себеп болады деп ойлаймыз.     

«Қолжетімді жұмыс» жобасы

Жетісу ауданының прокуратурасы 2016 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының жобаларды жүзеге асырумен байланысты жаңаша идеяларын жұмыста табысты қолдана бастады.

Өткен жылдың 5 қазанынан басталып, қазіргі уақытқа дейін оңтүстік астананың және барлық елдің еңбек нарығында жақсы қосымша болып табылатын «Қолжетімді жұмыс» жобасы жүзеге асырылуда.

«OLX» танымал сайт базасында «Қолжетімді жұмыс» айдары құрылып, ол жерде жұмыссыз және кез-келген қалаушы уақытша немесе басқа қажет жұмысты тауып, ал жұмыс беруші сұраныстағы қызметті атқаратын адамды таба алады.

Жоба қоғамды жұмыспен қамту, мүлікке қарсы қылмыстардың санын төмендету сияқты әлеуметтік сұрақтарды шешуге бағытталған және осы бағытта өз жемісін беруде, 2016 жылдың желтоқсан айында ғана қаланың 800 астам тұрғыны және еліміздің 4000 астам азамат жұмыспен қамтылды, 25 000 астамы айдардың қызметімен қолдануда.

Кәмелет жасқа толмағандарды қорғау

Кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жетісу ауданының прокуратурасымен әрдайым кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарының қолданылуына талдау жүргізіледі.

2016 жылы жетім баланың ата-анасының қайтыс болғанынан кейін мұраға қалған пәтерге қатысты мүлік құқығының бұзылғандығы анықталды.

Кәмелет жасқа толмаған бала 2005 жылдан бері туған әжесінің қамқорлығында болып, әжесі 10 жалдан астам пәтерді жалға беріп, немересіне меншік құқығын тіркемегендігі анықталды.

Аудан прокуратурасының ықпалымен және еңгізілген актінің көмегімен, уәкілетті органмен жетім баланың атына пәтерге меншік құқығы тіркелді, осылайша кәмелет жасқа толмағанның конституциялық құқығы қорғалды.

Сонымен қатар, қамқоршы болып басқа азамат тағайындалды.