Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының Жетісу ауданы бойынша аймақтық бөлімі


Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының Жетісу ауданы бойынша аймақтық бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер.

1.1. Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының Жетісу ауданы бойынша аймақтық бөлімі Алматы қаласының ішкі саясат Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады;

1.2. Бөлімнің бастығы мен қызметкерлері өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады;

1.3. Құжаттармен, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу іс қағаздарын жүргізудің нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі;

1.4.Заңнамалық құжаттарға сәйкес Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының директоры жарлықтарға қол қояды, құрылымды және басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

2. Негізгі міндеттер мен мақсаттар.

2.1. Негізгі міндеттер:

  • Ішкі саясат саласындағы нақты бағдарламаларды, заңнамалық актілерді және өзге де нормативті-құқықтық құжаттарды жасау және оларды жүзеге асыру, мемлекеттік билік пен халықтың ауызбіршілігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың демократиялық принциптерін жүзеге асыру, азаматтық отансүйгіштікті тәрбиелеу. Биліктің жағымды бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық-насихаттық жұмыс;
  • Қоғамдық саяси қатынастар саласында жергілікті биліктің барлық құрылымдарының біртұтас стратегиясы мен өзара келісіп әрекет етуін қалыптастыру;
  • ҚР Мемлекеттік рәміздердің, «Қазақстан 2030» Стратегиясының біртұтас жүйесін реттеуді ұйымдастыру және бақылау;
  • Әлеуметтік-саяси саладағы іс-шаралар өткізу (саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық қозғалыстармен, діни бірлестіктермен, ұлттық мәдени орталықтарымен, жастар ұйымдарымен Алматы қаласының тұрғындарымен жұмыс жүргізу);

2.2.Бөлімнің іс қимыл мақсаты қоғамдық келісімнің демократиялық принциптерін жүзеге асыру, саяси тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік билікті, халықтың бірлігін қамтамасыз ету, азаматтық патриотизмді тәрбиелеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін биліктің позитивті имиджін қалыптастыруда үгіт-насихат жұмыстары жандандырылады (БАҚ мен өзара іс-қимыл); сараптау жұмыстары; саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен, үкіметтік емес, діни ұйымдармен, ұлттық мәдени орталықтармен бірлескен жұмыс жүргізу.

3.Бөлімнің қызметі мен құқықтары.

3.1. Келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын насихаттау , түсіндіру, қазақстандық қоғамның одан әрі нығаюы және біртұтас мемлекеттік идеологияны қалыптастыру жөніндегі бағдарламаларды даярлау мен жүзеге асыру;
  • Партиялармен, қозғалыстармен және ұйымдармен конституциялық принциптер мен қазіргі қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып жұмыс істеу, қоғамдағы жанжалды жағдайды болжау және болдырмау;
  • Бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша Бұқаралық ақпарат құралдарымен, діни конфессиялармен, жастар және қоғамдық саяси басқа да бірлестіктермен байланыс жасау,

3.2.Бөлімнің алдына қойған міндеттері мен мақсаттарын, қызметін жүзеге асыру үшін мынандай құқықтары бар:

  • Алматы қаласы әкімдігі мен Мәслихаты бекіткен бағдарламалардың жобаларын дайындауға қатысу;
  • Конституциялық принциптер мен қолданыстағы заңнаманы сақтауға байланысты биліктің тиісті атқару органдарымен жұмыс жүргізу, қоғамдық-саяси насихатшы топтарымен өзара қарым-қатынас жасауда жанжалды ахуалды болдырмау;
  • Барлық қалалық, аудандық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық-сауықтық шараларға қатысу және оларды талдау қорытындысы бойынша қала Әкіміне бақылау-талдамалық анықтама тапсыру;
  • Алдына қойған міндеттері мен мақсаттарды орындау үшін қалалық, аудандық мемлекеттік басқару органдарынан және басқа да ұйымдардан белгіленген ереже бойынша ақпарат сұрау және алу;
  • Құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу, сараптамалық талдау жұмыстарын жүргізу, бағдарламалық құжаттар дайындау;
  • Қалалық және құрылымдық бөлімдермен бірлесе отырып Алматы қаласы Әкімдігінің күші жойылған, өзгеріске түскен актілерге ұсыныс әзірлеу;
  • Қолданыстағы заңнамалық ережелерге сәйкес еңбек шартын қамтамасыз ету.

4.Бөлімнің өкілеті

  • Алматы қаласының, ауданның әкімінің, Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының өз құзырындағы шешімдерін, жобаларын, өкімдерін талқылауға енгізеді, қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жүргізеді;
  • Мемлекеттік және Үкіметтік емес ұйымдармен бөлім құзырындағы мәселелерге байланысты қызметтік хат алысады;
  • Бөлім құзырына кіретін ҚР Президентінің және Үкіметінің актілері мен қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге қатысу;
  • Хаттар мен бөлім басқаруына қатысты шағымдарды қарастырады.

5. Қызметті ұйымдастыру.

Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі.

5.1. Ішкі саясат басқармасының директоры басқарманың барлық қызметіне басшылық етеді.

5.2. Ішкі саясат басқармасының директоры басқарманың қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындап және одан босатады.

5.3. Заңда белгіленген тәртіп бойынша басқарма қызметкерлерін ынталандырады және оларды тәртіпке шақырады;

5.4. Басқарманың басқарма директорының орынбасарлары және бөлім бастықтары басқаратын құрылымдық бөлімшелері – бөлімдері бар және бөлім (бөлімше) бастықтарын Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының директоры тағайындайды және қызметінен босатады;

5.5. Бөлім бастығы бөлімнің барлық қызметіне басшылық етеді және жүктелген міндеттердің орындалуына және жүзеге асырылуына жауап береді;

5.6. Департаменттің бөлім бастықтары сәйкес бөлімшелердің жауапты қызметкерлері арасында функционалды қызметтерін бөледі;

5.7. Бөлім қызметкерлеріне белгіленген учаске жұмысы бойынша және ҚР әрекет етуші заңына олармен дайындалған және визаланған жобаларға, құжаттарға сай жеке жауапкершілік жүктеледі.

5.8. Бөлім қызметкерлері жабық және қызметтік мінездегі мәліметтерді таратқаны үшін жеке жауап береді.

5.9. Бөлімнің жиналысы аудан әкімінің орынбасары, бөлім бастығының басшылығымен өтеді; ағымдағы сұрақтар бойынша жиналыстар – керек жағдайда өтіп отырады.