Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО)


Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тарихы

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2007 жылы төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды.

Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау ХҚО-ның басты оң қасиеттеріне айналды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру үшін 2011 жылы оларды электрондық үкіметтің инфрақұрылымымен біріктіру, ал кейін толық жаңғырту жүргізілді, нәтижесінде клиенттерге қызметтер көрсету уақыты қысқарды, қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілді, сондай-ақ орталыққа бару уақытын электрондық үкімет порталы арқылы броньдау мүмкіндігі іске асырылды.

Бұдан басқа, ХҚО-ны жаңғырту кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға баса назар аударылды, әр ХҚО-да оларға арналып құжаттарды қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, пандустар мен шақыру батырмалары орнатылды.

Елбасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қалың жұртшылыққа, шалғай елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындау аясында барлық облыстарда пилоттық режимде 14 мобильдік ХҚО іске қосылды, ал 2012 жылы 56 баламалы қосымша ХҚО жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша қазірдің өзінде 70 мобильдік ХҚО жұмыс жасауда.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс нысандарына көшу халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ оларды мониторингілеу мен сапасын бақылау құралдарын жасауға мүмкіндік берді. Осылайша, ХҚО қызметін бақылауды жетілдіру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін Ахуалдық орталығы құрылды, ол on-line режимінде барлық ХҚО қызметіне бейне-мониторингілеу жүргізуде. Осындай орталықты ашу жұмыс барысында орын алатын қателіктерге, оның ішінде қандай да бір көрсетілетін қызметті алу кезінде кезектердің туындауы жағдайында жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік берді.

Бүгінде республикада 212 мемлекеттік қызмет көрсететін 270 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Айта кетейік, 2011 жылы Қазақстан ХҚО-ларында 59 қызмет, 2012 жылы – 113 қызмет көрсетілген болатын.

Бүгінгі күні автокөлік құралдарын тіркейтін және жүргізуші куәлігін беретін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары - Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақтөбе қалаларында ашылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қ. бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жетісу аудандық бөлімі басшыларның тізімі

Мамандығы

Аты-жөні

телефоны

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қ. бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жетісу аудандық бөлімі басшы 

Қанат Сабырұлы Айманов

330-72-43

227-07-52

 Операциялық  зал басшысы: 

Орақтынова Дина Амангельдиевна

Жетісу ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының мекен-жайы: Алматы қаласы, Құлагер ы-а, Серіков көшесі, 6а. Байланыс телефоны:330-72-43. Электронды пошта - ztson@bk.ru

Жұмыс уақыты: Дүйсенбіден - сенбіге дейін сағат 09.00 - 20.00 аралығында түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Жексенбі – демалыс. Толық ақпаратты Халыққа Қызмет көрсету орталығының http://con.gov.kz/kz/?#сайтынан ала аласыз.