Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Саясат САЯСАТ



Мемлекет Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысын ұйымдастыру жөнінде ақпарат


Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы мемлекетіміздің әріқарай дамуының айқын және нақты бағыты болып табылады.

Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы біздің алдымызға алдағы жылда нақты міндеттер қойып, барлығымызға ертеңгі күнге деген сенімділікті туындатады.

«Нұрлы жол» - Қазақстанның болашағын айқындайтын ұлы Жолдау.

ҚР Президентінің Жолдауы шыққан күннен бастап Жетісу ауданында үлкен көлемді жұмыстар жүргізілуде.

Қойылған міндеттерді түсіндіруде, көпшілікке, Жетісу ауданының әрбір тұрғынына өткізілетін жұмыстың мәні мен маңыздылығын жеткізуде бағдарламалық құжатты кең көлемді дәріптеуді қамтамасыз етуге жұмылдырылған ақпараттық-насихаттық топтар жүйесі маңызды рөл ойнайды.

АНТ жұмысының негізі әртүрлі әлеуметтік және тұрғындар топтарымен мақсатты түсіндірмелік жұмыс жүргізу болып табылады. Басты назар тек ақпараттың өзін енгізуге ғана емес, сонымен бір мезгілде оны дұрыс қабылдау мен бағалау үлгісін қалыптастыруға аударылады. Бұның барлығы тұрғындармен кері байланыстың нәтижелі механизімін қамтамасыз етеді.

Жолдауды түсіндіру кеңінен жүзеге асырылды: ауданның еңбек ұжымдарында, кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелере, оқу орындарында, тұрғылықты мекен-жайы бойынша және т.б. Қоғамдық пікірге тиімді әсер ету мақсатында ақпараттық-насихаттық топтардың тұрғындармен жұмысында әртүрлі әдістер мен үлгілер қолданылады. Оның ішінде: аудан басшылығының тұрғындармен кездесуінде, еңбек ұжымы жиналыстарында Жолдауды талқылау, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізу, бағдарламаның жүзеге асуына қатысты семинарлар, қолдау білдірулер ұйымдастыру.

АНТ құрамы насихаттаушылардың жұмыс сапасы есебінен тұрақты түрде қайта қарыстырылады және жаңартылады. Ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелері қатарында: қоғамдық пікір көшбасшылары, айрықша беделді интелегенция өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау салалары өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, кәсіпкерлер және т.б. Олар - креативті потенциалды және шешендік өнерге деген қабілеттіліктерді игерген жауапкершілікті, бастамашыл, белсенді адамдар.

2014 жылдың 19 қараша күні бағдарламалық құжатты талқылауға арналған аудан активінің жиыны өтті. Жиналыс жұмысына 100-ден астам адам қатысты:аудан басшылығының және аудан қызметтерінің өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, бизнес құрылымдары өкілдері және т.б.

Елбасының Жолдауын талқылау бойынша ұқсас жиналыстар меншік түріне қарамастан тұрғындарды кең көлемді қамти отырып, барлық мекемелер мен кәсіпорындарда өтті.

Сондай-ақ, Жолдауды дәріптеу мақсатында білім беру мекемелерінде ақпараттық бұрыштарды безендіру және жаңарту, кітап көрмелерін ұйымдастыру жүзеге асырылды.

Және де, ақпараттық-насихаттық топтардың қызметтері ұдайы ауданның web-сайтында жарияланады.

Осылайша есептік кезеңде жергілікті атқарушы органның қызметі жүйелі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүзеге асыруға, толықтай мемлекеттік органның позитивті беделін нығайтуға бағытталды.

Жалпы 2015 жылдың I-жарты жылдығында ақпараттық-насихаттық топтармен 520 дәріс, баяндамалар оқылып, 700 астам кездесулер мен өзге іс-шаралар өткізіліп, электронды БАҚ 105 мақала, мерзімді баспасөзде 96 басылым жарияланып, барлық үлгідегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарда 25 000 астам адам қамтылды.

Мемлекет Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі ережелерін насихаттау және жүзеге асыру жалғасуда және тұрақты бақылауда.