Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Саясат САЯСАТ



Алматы қаласы Жетісуауданы әкімінің 2014жылғы 18 сәуірдегі «Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Жоба

Алматы қаласы Жетісуауданы

әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі

«Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша

сайлау учаскелерін құру туралы»

№ 01 шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 42 бабының 3 тармақтың 4) - тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі «Алматы қаласы Жетісуауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 01 шешіміне (2014 жылы 23 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1028 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуіріндегі «Алматы ақшамы» № 49-51 және 2014 жылғы 29 сәуіріндегі «Вечерний Алматы» № 49-51 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшада:

№ 321сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

«(050050, Орталығы: «№94 Бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 293 үй).»;

№ 349 сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

«(050034, Орталығы: «№109 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, Алматы қаласы, Гончаров көшесі 23).»;

№ 536сайлау учаскесінің орталығы мынадай редакцияда жазылсын:

«(050060, Орталығы: «№148 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын, Алматы қаласы, «Құлагер» шағын ауданы, 52 «А»үй).»;

2. Осы шешімді Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет – ресурста және Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет – ресурсында жарияласын.

3. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

Т.Разақов

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Алматы қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                   Ж. Асанова

«__»наурыз 2017 жыл