Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Саясат САЯСАТ



2014 жылдың 11 қараша Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бойынша Жетісу ауданының іс-шаралар жоспары


«БЕКІТЕМІН»

Жетісу ауданы әкімі

___________________Т. Разаков

«___»__________________2014 ж.



2014 жылдың 11 қараша Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»

атты Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бойынша Жетісу ауданының

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Алматы, 2014

Ақпараттық - насихаттық жұмыс - бұл мемлекеттің демократиялық моделінің негізгі тапсырмаларын күшейтуде идеологиялық жұмыс стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Ақпараттық сүйемелдеу жоспары қоғамды топтастыру мақсатында Жолдаудың негізгі басымдықтарын кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігімен ерекшеленеді.

Мақсаты: Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау. «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мәселелерінде аудандағы әлеуметтік келісім мен белсенділік жағдайын қалыптастыру мақсатында қоғамдық, саяси, діни бірлестіктер және еңбек ұжымдарымен тұрақты байланыс орнату, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму, мемлекеттік билікке халықтың сенімін нығайту.

Басымдықтары мен міндеттері: 2014 жылғы Жолдау тарихи маңызға ие. Онда ұзақ мерзімді дамуға негізделген саяси жоспарлаудың аясын кеңейтуге бағытталған 2050 жылға дейінгі жаңа Қазақстанның түбегейлі өзгермелі бейнесі мен болашақ Қазақстандықтарға стратегиялық бағыт-бағдар беретін жаңа саяси бағыт қамтылған.

Н.Ә. Назарбаевтың негізгі идеясы Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған ең үздік 30 елдерінің қатарынан көрінуге негізделеді.

Іске асыру әдістері: Ақпараттық - насихаттық жұмыстарды іске асыруда идеологиялық жұмыстар нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру және жаңартудың алатын орны ерекше. Алматы қаласы Жетісу ауданында белгілі бір мәселеге байланысты түрлі тақырыптардағы іс-шаралар: «дөңгелек үстелдер», конференциялар, кездесулер, пікірсайыстар, ғылыми-тәжірибелік семинарлар, танымал телевизиялық шоулар, жастардың қатысуымен жалпыхалықтық акциялар, сұхбаттар, брифингтерді ұйымдастыру қажет. Идеологиялық жұмыстардың жаңа нысандары мен әдістері еңбек ұжымдары, аудиториялар, өндіріс орындарында және т.б. ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылуы тиіс.

Іс-шараның атауы

Жауапты атқарушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

5

1

ҚРПрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын (бұдан әрі - Жолдау) талқылау бойынша аудандық жиын өткізу.

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Ішкі саясат бөлімі

20 қараша 2014 жыл дейін

2

Жолдаудың негізгі қағидаларының іске асырылу барысын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топтар жұмысының үйлестірілуін қамтамасыз ету.

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Ішкі саясат бөлімі, Жетісу ауданы әкімінің аппараты

Тұрақты

3

ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша аудандық құрылымдарды, саяси партияларды, қоғамдық, жастар ұйымдарын, этномәдени бірлестіктерді, үкіметтік емес ұйымдарды, ғылым саласының мамандарын белсенді түрде қатыстыру арқылы кең көлемді шараларды ұйымдастыру:

активтердің жиындарын, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, талқылаулар, оқыту семинарлары және т.б.

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Ішкі саясат бөлімі

2015 жыл турақты

4

Аудандағы әскери бөлімшелер мен құрылымдарда Жолдаудың негізгі қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Ішкі саясат бөлімі, Жетісу ауданы әкімінің аппараты

2015 жылдың аяғына дейін тұрақты

5

Аудан әкімінің ресми веб-сайтында Жолдау мәтінінің орналастырылуын және Жолдауды іске асыру туралы арнайы айдарлар ашуды және олардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Ішкі саясат бөлімі, Жетісу ауданы әкімінің аппараты

25 қантарға 2015 жылдың дейін

6

Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып, БАҚ жұмысында пайдалану үшін «оқиғалар қатарын» қалыптастыру

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Ішкі саясат бөлімі, Жетісу ауданы әкімінің аппараты

20 желтоқсанға 2015 жыл дейін , бұдан әрі ай сайын

7

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәтінінен үзінділер берілген көрнекі жарнама нысандарының сапасына сараптама жасау (билбордтар, панно және т.б.)

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Мәдениет бөлімі, Ішкі саясат бөлімі

2015 жылдың аяғына дейін тұрақты

8

Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығымен, этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен бірлесе отырып, шаралар циклін ұйымдастыру («дөңгелек үстелдер», баспасөз мәслихаттары, кездесулер және т.б.)

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Ішкі саясат бөлімі, Жетісу ауданы әкімінің аппараты

Тұрақты

9

Орта арнайы оқу орындарында, жалпы білім беру мекемелерінде Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіру және студент жастар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары Ж.Ш. Мұрынова

Білім бөлімі, Ішкі саясат бөлімі, Жетісу ауданы әкімінің аппараты

2015 жылдың аяғына дейін тұрақты

10

Жетісу ауданында Жолдауды түсіндіру жөніндегі аудандық ақпараттық-насихаттық топтың тұрғындармен кездесулерін ұйымдастыру (жеке жоспарға сәйкес)

Жетісу ауданы әкімнің орынбасары

Ж.Ш. Мұрынова

Ішкі саясат бөлімі,

Жетісу ауданы әкімінің аппараты

2015 жыл бойы

Әкімнің орынбасары Ж. Мұрынова