Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Мемлекеттік қызмет МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ



«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже


Алматы қаласы әкімдігінің

«__»________ 2015 жылғы №___ қаулысымен

бекітілді

 

«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

1.                  Жалпы ережелер

1.                 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.                 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.                 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.                 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.                 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер ол заңнамаға сәйкес құзыретті болса, мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.                 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің актілерімен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.

7.                 «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8.                 Заңды тұлғаның мекенжайы: 050066, Алматы қаласы, «Құлагер» шағын ауданы,Серіков көшесі, 2 «а».

9.                 Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Жетысуского района города Алматы».

10.             Осы Ереже «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.             «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12.             «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2.                   «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13.             Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы белгіленді –Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету.

14.             «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 жарлығымен белгіленген:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауына ықпал ету;

2) «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкiмінiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мен бөлімдері қызметінің тиімділігін бағалау;

3) аудан әкімімен белгіленетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

15. «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 38 бабына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Қаулысына сәйкес айқындалған:

1) Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің және аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету:

2) аудан аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас жасау;

3) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімінің және аппаратының мүдделерін соттарда қорғау, прокурорлық актілерін қарастыру;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету:

спортшыларға спорттық разрядтар беру: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядтағы спортшы, 2 жасөспірімдік разрядтағы спортшы, 3 жасөспірімдік разрядтағы спортшы;

біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;

азаматтық жағдай актілерін тіркеу және туу туралы куәлігін беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;

5) «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ісжүргізуін ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес құпиялық тәртіпті, «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында ішкінысандық тәртіпті қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік органның қызмет бағыттары бойынша оның жұмыс сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

7) мемлекеттік тілде ісжүргізуді кезеңмен енгізу;

8) аудан әкімі, оның орынбасарларында, «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығында кеңестер ұйымдастыру, материалдарды, кеңес хаттамаларын ресімдеу және жіберу;

9) аудан әкімі, оның орынбасарлары, «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының тапсырмалары бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімінің жобасын дайындау, оларды жөнелту және сақтау;

10) аудан әкімі және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімінің кеңестерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, аудан әкімін осы сұрақтар бойынша ақпараттандыру;

11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;

13) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға ықпал ету;

14) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

15) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

16) жалғызлікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

17) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

18) әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына ықпал ету;

19) Алматы қаласы Жетісу ауданының абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

20) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасау;

21) Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

23) кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерттеу, дайындау және енгізу;

24) «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадрларын оқыту және қайта даярлауды ұйымдастыру;

25) гендерлік аспектілерді қарау;

26) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті іске асыру;

27) «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да функциялар.

16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын орындау мақсатында және өз құзыреті шегінде «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құқылы:

1) «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізетін мәселелері бойынша, оның ішінде арнайы байланысты пайдалану және мәліметтерді жолдау арқылы мемлекеттік және заңды тұлғалармен қызметтік хат-хабарлар жазысуға;

2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыруға;

3) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, мекемелер мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

4) жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

5) стратегиялық жоспарды және «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкiмшісі болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкесбюджет құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;

6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте, сотқа талап арызбен жүгінуге;

7) өзіне берілген мүлікті басқаруға;

8) заңнамада көзделгенбасқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға.

 

3.      «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

17. «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы жүзеге асырады.

18. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

19. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы:

1) Алматы қаласы әкімдігіне «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге тапсырады, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің арасындағы міндеттер бөлінісі, «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат бірлігі бойынша ұсыныстар енгізеді, бекітілген штат бірлігінің шеңберінде оған өзгертулер енгізеді;

2) «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады;

3) Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қабылдаған шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау, оның тапсырмаларының орындалуын, құжаттардың қозғалысын бақылау жұмыстарын үйлестіреді;

4) аудан әкіміне шешімдер мен өкімдердің жобаларын және басқа да аудан әкіміне жолданған құжаттар мен материалдарды қарастыру және қол қоюға ұсынады;

5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

6) қызметтік хат-хабарларға қол қояды;

7) бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақылар және қосымша ақылар бойынша және тәртіптік жазалар беру бойынша белгіленген заңнама тәртібінде ұсыныстар енгізеді;

8) жалпы басшылық жасайды және «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;

9) Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қабылдаған актілердің орындалуы мәселелері жөніндегі келіспеушіліктерді қарастыру бойынша мәжілістерді шақырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін жеке жауапкершілікте болады;

11) Осы Ережеде көрсетілген, сонымен қатар Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі жүктеген басқа да функцияларды іске асырады;

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

4.      «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

20. «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1.  «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінқайта ұйымдастыру және тарату

23. «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.