Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Әкімге сұрақ ӘКІМГЕ СҰРАҚ



Құрметті сайтқа енуші!

Ескерту* Сіз сайттың ең көп оқылатын «Әкімге сұрақ» айдарына еніп отырсыз. Бұл жерде Сіз сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сұрақ қоймастан бұрын сайт әкімшілігі төмендегі ережелерді сақтауды өтінеді:


1. Сіз тек бір сұрақтан артық сауал қоя алмайсыз.
2. Сауалыңыз республикамыздың өзге өңірлеріне қатысты болмауы тиіс.
3. Сұрақ мәдениетті әрі нақтылы болғаны жөн.
4. Егер Сіздің сұрақ- шағымыңыз нақтылы лауазым иесіне немесе кәсіпорын қызметіне қатысты болса, онда олар нақтылы фактілермен бекітілуі қажет.
5. Шағымданушы автор өзінің электронды поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
6. Берілген сілтемелер міндетті түрде толтырылуы тиіс. Аты- жөні көрсетілмеген өтініш- сауалдар қаралмайды.
Осы ережелер сақталмаған жағдайда сайт редакциясы Сіздің сауалыңызды алып тастап, жауапсыз қалдыруға құқылы.


Бекітілген файлдың құрамында мына форматтар болады:
txt, doc, docx, rtf, xls, xlsx, pps, ppt, pptx, pdf, jpg, bmp,
png, tif, gif, pcx.
Файлдың көлемі 15 Мб аспауы тиіс.
Файлді бекіту файл таңдалған
Ақпарат жіберу үшін суретте көрсетілген кодты енгізіңіз
CAPTCHA


Iздеу
Сұрақ тақырыбы: Сұрақ:
Жауап:

28.06.2014 мкр. Кулагер

Добрый день, уважаемый Талгат Кошенович. Хотели сообщить вам о проблеме в парке, который рядом с акиматом. В парке все люки открыты, а именно вокруг БАКа им Кунаева. Вечером очень опасно, в парке много детей. Люди самостоятельно каждый раз пытаются засунуть высокие ветки во внутрь люка,так эта проблема пока не решается. С уважением, жители мкр.Кулагер

Жауап

Увадаемые жители мкр.Кулагер аппарат акима Жетысуского района, рассмотрев Ваше обращение поступившее на веб-сайт акима сообщает, что в настоящее время ведутся работы по текущему ремонту парка «Гулдер», силами ТОО «BSHZ Dostyk Company» указанные Вами открытые люки будут закрыты в срок до конца июля месяца. Дополнительно сообщаем, работы по реконструкции парка «Гулдер» будут длиться до октября месяца 2014 года.

13.06.2014 әкімге,

Мен Алматы қаласы, Первомайка аулының турғынымын. Менің сіздерге бір сұрағым бар. Біз Алматы облысының ауданы болғанда бізде су туралы қыйыншылық болмаған еді, қалай қалаға өттік солай бізде сумен қыйншылықтар басталды. Біз су бастығына барып сұрасақ бізге қала басқармасы ақша төлемейді деп шығарып салды қазір бізде күніне 3 уақыт су береді. Біздің сурайтынымыз осы мәселені шешсеңіз және су басқармасын аустуруды сұраймыз. Немесе біз теледидарға жарнама беруге мәжбүрміз...

Жауап

Құрметті Сәтбаев Сәбит, Жетісу ауданы әкімінің аппараты Сіздің жазған хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды. Сумен қамтамасыз ету мекемесінің мәліметіне сәйкес, жазды күндері су тұтыну мөлшерінің артуына байланысты елді мекендегі бірнеше көшеде судың жетіспеушілігі орын алып отыр. Осы себептерге байланысты, Молдағұлова, Школьная, Вокзальная, Жамбыл, Луговая, Щорс, Пушкин, Ворошилов көшелерін сумен қамтамасыз ету шектелген кесте бойынша жүргізіліп отырғанын мәлімдейміз.

29.05.2014 Елшібаева Қалимаш Зәкірқызы

Сәлеметсіз бе, Талғат Көшенұлы! Менің сұрайын дегенім:Алматы қаласы бойынша қолға аланып жатқан "Ескі үй" бағдарламасына біз тұратын осы ауданның Сүйінбай даңғылы бойындағы каркас үйлер кіреді ме? Сұрағым жауапсыз қалмайды деп ойлаймын. Рахмет

Жауап

Құрметті Қалимаш Зәкірқызы Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Сіздің жолдаған хатыңызды қарастырып келесіні хабарлайды. Алматы қаласының бас жоспарына сәйкес аудан аумағында бүгінгі күні Гончаров көшесі Чаплыгина көшесінің қиылысында орналасқан аумаққа «Ескі тұрғын үй» бағдарламасына орай 2 ғимараттың құрылысы жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Сүйінбай даңғылының бойындағы үйлерді сүру толық ақпараты бойынша, Сізге Алматы қаласы сәулетші және қалақұрылыс басқармасына хабарласуыңыз қажет, мекен-жайы: Абылайхан даңғылы, 91, тел: 279-58-24.

21.04.2014 Назира

Құрметті әкім мырза,менің сізгі қоярым сұрақ емес, өтініш болар,мен макаренко 66үйдің тұрғынымын, біздің үйге кірер(подъезд)есіктің дәл алдына өзіміздің тұрғындар машиналарын күндіз түні қойып қояды.1 қабатта тұрғандықтан терезе ашуға мүмкіндік жоқ,себебі машинадан шыққан газ үйге кіреді,кейбір жағдайлар, мысалы жедел жәрдем келгенде,машинаға ауыр заттарды тиеп, түсіргенде есік алдына жақындау мүмкін емес, көршілеріме талай ескертсекте ешқандай нәтиже жоқ.Осы жағдайды шешуге сіздердің тараптарыңыздан қандайда бір көмек болады,- деп сенемін.Рахмет.

Жауап

Құрметті Назира Сіздің Жетісу ауданы әкімі аппаратының веб-сайтына келіп түскен хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. ҚР «Тұрғын үй туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес «...Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жанындағы жер учаскесі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі».

10.02.2014 Малаева Бибигул

Сәлеметсіз бе акім мырза,көше первомайский Нефтебаза №23 үй тұрғындары атынан білгіміз келетіні откенде Көкжиек мектебінде болған жиналысқа қатыса алмау себебімізден біле алмадық! 23үй общежития 15 отбасынын тұрады сносқа кетема? Рахмет!

Жауап

Құрметті Бибігүл, Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Сіздің Жетісу ауданы әкімінің веб-сайтына келіп түскен хатыңызды қарастырып келесіні хабарлайды. Алматы қаласының бас жобасы бойынша Первомайская нефтебаза көшесі №23 үйді сүру жоспарланбаған. Толық мәліметті білу үшін Сіз Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасына хабарласуыңызға болады. Мекен жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91. Байланыс телефоны: 279-58-24.

06.02.2014 Зауре

квартира суык сізден көмек сураймыз кск дан көмек жоқ мкр көкжиек 3 үй 28 пәтер

Жауап

Құрметті Зауре, Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Сіздің Көкжиек ықшам ауданындағы №3 үйдің 28 пәтеріндегі жылу мәселесі туралы әкім аппаратының веб-сайт порталына жазған өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Сіздің үйіңізге жылу энергиясын «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің Солтүстік Шығыс аудандық пайдалану бөлімі жеткізеді. «Алматы Тұрғын Үй» МКК-ның мамандары өтініште көрсетілген үйдің жылу жүйесіне тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижесі бойынша үйдің жылу жүйесінде ешқандай ақаулықтар табылған жоқ, беріліп тұрған жылу көрсеткіштері жылу энергиясын беру кестесіне сәйкес келеді.

29.01.2014 Мейіргүл

Құрметті Талғат Көшенұлы! Мен Көкжиек ықшам ауданының тұрғындарының атынан Сізге осы хатты жазып отырмын. Бізді қинайтын бір мәселе бар, біздің Көкжиек ықшам ауданына тек 3 автобус - №123, №70, №125. Бұл автобустардың бәрі соңғы аялдама деп, Көкжиекке кірген жерден барлық адамдарды түсіріп тастайды, ал, Көкжиектің арғы басында тұратындар үйіне қалай жету керек, ол сұрақ оларды мазаламайды. Жаяу жүргенде біраз жер, баламен жүрген адамдарға мүлдем қиын. Негізі, олар Көкжиек ықшам ауданының ішіне кіріп, бір айналып, содан кейін сол соңғы аялдамасына келіп тұрулары керек қой. Біз оларға айтып-айтып қойдық, әкімшілікке барыңдар, бізге жанармайды сендер бересіңдер ме Көкжиекті айналу үшін деп, аузымызға қақпақ болады. Бұл автобустарды кім басқарады? Халықтың жағдайын кім ойлайды? Күн суықта, қараңғы кеште жұмыстан шаршап қайтқанда, келдіңдер деп айдаладан тастап кетсе, үйге ашуланып әрен жетесің. Автобус жүргізушілері, кондукторлары Көкжиек ықшам ауданының тұрғындарымен әбден ұрсысып болды. Бұл мәселені қарастырып, шешімін тауып берсеңіздер. Автобус жүргізушілерін бір тәртіпке келтіріп берсеңіздер екен. Осы көлік жөнінде тағы бір мәселе, бізге тағы да бірінші теміржол вокзалына жүретін автобустар қосса екен дейміз, бізге сол бағытпен Көкжиекке жету тезірек. Ал, біздегі автобустар №70, №125 барахолка жаққа, №123-ші автобус бүткіл Құлагер, Айнабұлақты

Жауап

Құрметті Мейіргүл, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Сіздің Жетісу ауданы әкімінің веб-сайтына келіп түскен хатыңызға байланысты, қозғалыс бағыты бойынша № 70, 123, 125 қоғамдық көлігінің ақырғы аялдамасы "Көкжиек" ықшам ауданының кіреберісі екенін хабарлаймыз. Сіздің өтінішіңіздің негізінде жолаушылар көлігі басқармасына хат жолданды. № 70, 123, 125 қалалық автобустардың қозғалыс бағытын өзгерту және келешекте "Көкжиек" ықшам ауданын толық айналып өту мәселесін қарастырып, сонымен қатар "Көкжиек" ықшам ауданынан - "Алматы-1 теміржол вокзалына" дейін жүретін бұрыңғы № 41 қозғалыс бағытын қайтару бойынша сұрақтар қарастырылып жатқанын хабарлаймыз.

09.01.2014 Онгар

Құрметті Талғат Көшенұлы мен сіздерге 2011 жылдан бері хат жазып келем бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ.Алғашқы хатымды 2011ж 15-ші тамызында жаздым талон № ЖТ-О-805,соңғы хатым 27.05.2013ж жаздым. Мен есік алдындағы қоқыс салатын жәшікті жылжыта алмай келем. маған сіздерден комиссия да келді, зам әкіміде келді бос уәде беріп кетті.Менім есгіме қарама-қарсы үш метрлік жерде екі қабатты тұрғын үйлердің қоқыс жәшігі тұр.Менің хатымнан соң маған 20 метге жылжытамыз деп жауап келген еді,себебі санитарлық нормаға сай келмегендіктен делінген еді, бірақ тұрғындар әкиматтын қойған жеріне қарсы шығып оны бес метге ғана жылжытқан еді. Мен оғанда көнгем едім себебі маған ол қоқысқа қоршау жасап маған қоршаудың арт жағы қарап тұрады деген оны 2113 жылдың қырқүйек айына дейін деген.Бірақ қоршау жасалмады жылжытқан жерінен тұрғын бұрынғы орнына қайта жылжытып қоюда.Мен осы қоқыс шәшігін шешіп беруінізді сұраймын. Өз құқығымнын аяқ асты болғанынан шаршадым.Жазы байы итпен исімен алысып шықтым осы маселені шешіп беруінізді сұраймын

Жауап

Құрметті Оңғар, Сіздің Жетісу ауданы әкімі аппаратының веб-сайтына хатыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. Бұхарская көшесі, №91 үйдің жанындағы қоқыс контейнерлері санитарлық нормаға сәйкес келетін қашықтыққа орналастырылған болатын. Алайда, мердігер мекемені анықтау кешіктірілгендіктен, ауа райының қолайсыздығына байланысты қоқыс алаңына (контейнерная площадка) асфальт төсеп, қоршау жасаудың мүмкіндігі болмады. Аталған қоқыс алаңының орнын белгілеп, қоқыс алаңын жөндеу (асфальт салу, қоршау жасау) жұмыстарын мердігер мекеме «Шұғыла» ЖШС-мен бірлесiп, жүзеге асыру биылғы жылға жоспарланып отыр.

Страницы: Пред. 1 2 3 4 5 Все