Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Халықты әлеуметтік қорғау ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



Әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға тағайындалатын көмек


Әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға тағайындалатын көмек түрлері

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  2001 ж. 17 шілдедегі № 246-II Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленеді. Осы заңның  2-бабы бойынша: Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар.

 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «2017жылғы  1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау»  туралы  бұйырығымен, Алматы қаласында кедейлік  шегі 2017 жылғы   1- тоқсанға  9848 теңге болып белгіленген. Алматы қаласында есепте тұратын азаматтың, жан басына шаққандағы табысы осы көрсетілген сомадан кем болса, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  алуға  қүқығы бар. Табысы  көрсетілген сомадан аз азамат өзінің тұрғылықты  ауданы бойынша  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  өтініш  жасауына болады.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) тапқан табысы туралы мәліметтер; (өткен тоқсанның табысы)

3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.

5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі. (мекен жай анықтамасы)

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде табыс етілетін құжаттар негізінде -өткен тоқсанның табысы  негізінде жүргізіледі. Атаулы әлеуметтік көмек  өтініш  беріліп  отырған  айдан басталады.  Көмек тоқсан аяғына дейін тағайындалады.

Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі.

Аталған көмекті баламалы түрде тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на қажетті құжаттар тізімін тапсыру қажет.