Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Халықты әлеуметтік қорғау ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісі жайында ақпарат


Қазақстан Республикасының 1995 ж. 12 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңына өзгерістер енгізілуіне сәйкес көзі тірі 6 баланы дүниеге әкелген аналар «Күміс алқа» медалімен, 7 және одан да көп баласы бар аналар «Алтын алқа» медалімен марапатталады.

      Осы заң негізінде Жетісу ауданы әкімінің аппаратында «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгісі салтанатты түрде табыс етілді. Төс белгінің жалпы саны 121, оның 53 - «Алтын алқа», 68 - «Күміс алқа». Аналарға ай сайын 8478 теңге көлемінде (6 АЕК) мемлекеттік жәрдемақы беріліп тұратын болады. Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеу орталығының мәліметіне жүгінсек, осындай зейнетақыға қосымша жәрдемақы алушылар саны 186 адам.

       Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін алуға құжаттар тапсыра аласыздар. Мекен жайы: Мақатаев көшесі, 142, Сейфуллин даңғылының қиылысы, 26 бөлме, тел: 279-83-05.

Қажетті құжаттар:

    1. Ананың жеке бас куәлігі;

    2. Ананың орден кітапшасы;

    3. Үй кітапшасы;

    4. 16 жасқа толған барлық баланың жеке бас куәлігі;

    5. Барлық баланың туу туралы куәлігі;

    6. Әр баланың тұратын жерінен анықтама (жұмыс, мектеп, тұрғылықты жері);

    7. Қыздарының некеге тұру туралы куәлігі (тұрмысқа шыққанда тегін өзгертсе)

    Барлық құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі керек.