Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Халықты әлеуметтік қорғау ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



Жалғызілікті, қарт кісілерге үйге қызмет көрсету туралы


Жетісу ауданы әкімінің аппараты, өз құзіреті шегінде, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.

«ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТТАРЫНА» сәйкес (бұдан кейін - стандарт), Қазақстан Республикасының 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»және 2008 жылы 29 желтоқсанда қабылданған «Арнаулы әлеуметтік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес, арнаулы әлеуметтік қызметті күндізгі уақытта үйде қызмет көрсетуді ұсынады:

  • Зейнеткерлік жасқа жеткен, мүгедектерге және қарттарға, 1997 жылы 20 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетпен қамтамасыз ету туралы»Заңының 1 және 9 бабтарына сәйкес, өз-өзіне қарауға қабілетсіз және денсаулық жағдайына байланысты арнаулы әлеуметтік қызметті үйде қажет ететін, еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балалар (зайыбы), 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған «Отасы және неке туралы» ҚР Заңының 131 заңына сәйкес,  ата-анасын асырау (зайыбын) және оларға қамқорлық жасау, немесе объективті жағдайларға байланысты қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстарына(қартайған, І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруы бар, бас бостандығынан айыру орындарында отырған, немесе тұрақты мекен-жайын ауыстырған) мемлекеттен тыс жерде немесе басқа елді-мекенде тұратынтұрақты көмек көрсету және бағу.

Төмендегі медициналық қарсы көрсетілімдер болған жадайда, мүмкіндігі шектеулі жандарға және қарт кісілерге үйге қызмет көрсетуден бас тартылады:

- туберкулездің белсенді сатысында;

- психикалық ауруларды (нервоз корытындысы бар, нервоз тәрізді соматикалық аурулар, діріл синдромының басқа да сирек кездесетін этиологиясы (айына 2-3-тен артық), әлсіз ақылдылық);

- жұқпаы инфекциялар, жұқпалы тері мен шаш аурулары, созылмалы аурулар, ЖТҚБ, сонымен қатар, арнайы емдеу орталықтарында емделуді талап ететін аурулар.

Жетісу ауданы әкімі аппараты жанында 4 әлеуметтік бөлімше 221 жалғызілікті, қарт кісілерге үйге қызмет етуді жүзеге асырады.

Жетісу ауданының тұрғындарына аталған қызметті пайдалану үшін, Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 142 үй мекен-жайында орналасқан, Жетісу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады және кезекті құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Қызметті пайдаланушының жазбаша өтініші, кәмелеттік жасқа толмаған және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін заңды қамқоршыларының өтініші (ата-анасының біреуі, қамқоршысы, қорғаншысы) (осы стандартқа қосымша 1);
  2. Жергілікті атқарушы органның әлеуметтік қызметті ұсыну туралы шешімі;
  3. Уәкілетті органның жолдамасы (бюджеттік қаржыдан тыс арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну);
  4. Туу туралы куәлігінің/жеке куәлігінің көшірмесі;
  5. Мекен-жайы туралы анықтама;
  6. Мүгедектігі туралы анықтама (қарттар үшін қажет емес);
  7. Мүгедекті жеке сауықтыру бағдарламасыны қатысуы туралы анықтама (қарттар үшін қажет емес);
  8. Зейнеткерлерге - зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
  9. ҰОС ардагерлерімен мүгедектеріне, оларға теңестірілген адамдарға - ҰОС-на қатысқандығы туралы немесе оларға теңдігі туралы куәліктің көшірмесі;

Құжаттардың көшірмесі түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, құжаттары қабылданған соң түпнұсқасы иесіне қайтарылады;

Жазбаша өтініш пен басқада құжаттар қабылданған соң, уәкілетті орган 5 жұмыс күні ішінде қарт кісінің тұратын мекен-жайына шығып, тұрмыстық және басқада материалды-тұрмыстық жағдайына тексеру актісін жасайды;

Тұрмыстық және басқада материалды-тұрмыстық жағдайыны тексеру жұмыстары жүргізілген соң тексеру актісі 3 жұмыс күні ішінде жасалады.

ҰОС ардагерлерімен мүгедектеріне, оларға теңестірілген адамдарға үйге қызмет ету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету кезектен тыс жүзеге асырылады.