Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Халықты әлеуметтік қорғау ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



Әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға тағайындалатын көмек түрлері


Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мекен- жайы: Мақатаев к–сі., 142, Сейфуллин даңғылының бұрышы, тел.: 279-37-72.

Әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға тағайындалатын көмек түрлері.

1.      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  2001 ж. 17 шілдедегі № 246-II Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленеді.

 Осы заңның  2-бабы бойынша: Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар.

 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «2017жылғы  1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау»  туралы  бұйырығымен, Алматы қаласында кедейлік  шегі 2017 жылғы   1- тоқсанға  9848 теңге болып белгіленген. Алматы қаласында есепте тұратын азаматтың, жан басына шаққандағы табысы осы көрсетілген сомадан кем болса, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  алуға  қүқығы бар. Табысы  көрсетілген сомадан аз азамат өзінің тұрғылықты  ауданы бойынша  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне  өтініш  жасауына болады.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) тапқан табысы туралы мәліметтер; (өткен тоқсанның табысы)

3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.

5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі. (мекен жай анықтамасы)

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде табыс етілетін құжаттар негізінде -өткен тоқсанның табысы  негізінде жүргізіледі. Атаулы әлеуметтік көмек  өтініш  беріліп  отырған  айдан басталады.  Көмек тоқсан аяғына дейін тағайындалады.

Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі.

2.      18-жасқа дейінгі балалары бар балалы  отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстан   Республикасының  2005жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІІ «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» туралы  Заңына сәйкес төленеді. Заңға (2009.02.12. өзгерістер мен толықтырулар   енгізілен.) Он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда  балаларға төленеді. Азық-түлік себетінің құны , ең төменгі күн көріс деңгейінің 60%-ын құрайды. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің  «2015жылғы  4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау»  туралы  бұйырығымен, Алматы қаласында  2017 жылдың 1-тоқсанында азық түлік себетінің мөлшері 14771 теңге болып белгіленген. Жәрдемақы тоқсанға тағайындалып ай сайын төленеді. 1балаға төлетін жәрдемақы мөлшері  1,05-айлық есептік көрсеткіш болып бекітілген.(2383 тенге)

Көмек өткен тоқсанның  табысына сәйкес есептеліп, өтініш беріліп отырған айдан бастап  өтініш   беріліп  отырған  тоқсан аяғына дейін тағайындалады.

Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін (тұрғылықты жеріндегі тиісті уәкілетті органға) Жетісу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөліміне мынадай құжаттар:

1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;

2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері) немесе  тууы туралы акт жазбасының (жазбаларының) көшірмесі (көшірмелері);

3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросының анықтамасы,

5) отбасының құрамы туралы мәлімет ;

6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет  тапсырады. (өткен тоқсанның табысы)

       Біздің мекен-жайымыз М. Макатаев көшесі 142 үй, С.Сейфуллин даңғылының қиылысы.

3.      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 1-қосымша бекітілген  «Тұрғын үй көмегін тағайындау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
бойынша өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1)                       Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет корсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі ХҚКО);

2)                       «электрондықүкіметтіңwww.egov kz веб-порталы (бұдан әрі- портал) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қөрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);

Отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қопағанда);

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шоттары;

коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімі

Тұрғын үй көмегі келесідей төленген шығындар арасындағы айырма ретінде айқындалады: телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті атқарушы орган белгілеген шекті-жол берілетін деңгейі. Алматы қаласындағы отбасылардың (азаматтардың) шығындарының шекті-жол берілетін деңгейі 10 пайызды құрайды.

Көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден  «электрондық үкімет» арқылы электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын; тұрғын үйге тіркелген құқықтары туралы құжаттар туралы мәліметтерді; әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар; кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар; балаларға және асырауындағы  басқа  да адамдарға  алименттер  түріндегің табыстар;  азаматтың  жұмыссыз мәртебесін растайтын құжатты алады.

4.      Алматы қаласы маслислихатының 2015 жылғы « 23 » шілдедегі № 347 шешімі.

Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

   Әлеуметтік көмек  Алматы қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.Әлеуметтік көмек 7 АЕК (айлық есептік көрсеткіш ) жартыжылдықта 1 рет көрсетіледі.

   Әлеуметтік көмек 7 АЕК өтінішті қарау мерзімінде өткен тоқсан үшін ұсынылған табыстар туралы мәліметтер негізінде тағайындалады.

   Өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің атынан тұрақты жерінде тіркелуі бойынша аудан бөліміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжаты

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты

3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтері:

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және / немесе құжатты.

   Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын азаматтардың келесі санаттарына жартыжылға 7 (АЕК) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;

-арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын,бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

-бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауыруы бар бірінші топтағы мүгедектерге;

-Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі жене мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941жылдың 22 маусымымен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.

          Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 2 есе мөлшерінен аспайтын амбулаториялых емдеу кезінде жүрген және  туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік  есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтарға жыл сайын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  ай сайын төлеумен тағайындалады.

       Мұқтаж азаматтардың жекелеген  санаттарына әлеуметтік көмектің мөлшерлері.

1.      Азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келуіне байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және бір реттік әлеуметтік көмек  100 айлық есептік көрсеткішке дейін;

-          Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетіледі.

2.      Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын тұлғаларға  көрсетілетін бір реттік әлеуметтік көмек 7,5 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде көрсетіледі;

3.      Ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек, жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын тұлғаларға  көрсетіледі, бір реттік әлеуметтік көмек 2 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде;

-          бір құрал үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемінде көрсетіледі.

-          АӘК және Тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға;

-          Бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмілет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

-          Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге;

-          Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.

4.      Алматы қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарна көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек   5,5 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде;

-          Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

-          Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;

-          Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына.

Әлеуметтік көмектің аталған түрлері тиісті қаржы жылына жергілікті бюжетте аталған мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде көрсетіледі.

5.        «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» Алматы қаласы Мәслихатының 2013 жыл 19 желтоқсан № 196 шешіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау және төлеу.

      Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуға жәрдемақы  тоқсан үшін 6,5 айлық есеп көрсеткішінің мөлшерінде беріледі.

-          өтініш;

-          алушының жеке басын куәландыратын құжаты;

-          оқу орнынан оқитындығы туралы анықтама;

-          алушы мен баланың тұрақты тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттары;

-          алматы қаласы Білім басқармасының қалалық ПМПК беретін кеңес тұжырымы;

-          мүгедектігі туралы анықтама;

-          банк шотының болуы туралы құжат.

Жетісу ауданы бойынша мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселері мен оларды шешу жолдары

           Тағдырдың жазуымен, сондай-ақ, аяқасты болатын жазатайым жазымдар мен ауру-сырқаудың салдарынан мүмкіндігі шектеулі жандар.

           Осы мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мақсатында «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сайкес жүзеге асырады.

           Қазақстан Республика  Үкіметінің 2005 жылдың 20-шілдесіндегі № 754 Қаулысына сәйкес, мүгедек адамдарды сурдо-тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерге арналған қоларбалармен, протезді ортопедиялық көмек, сондай-ақ, мүгедектігіне байланысты алатын емдеу-сауықтыру шаралары тегін жүргізіледі.

         Мүгедектердің жеке тұтынушылықты есепке алғанда  мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен, мүгедектерге арналған қоларбалармен, протезді ортопедиялық көмек, сондай-ақ, мүгедектігіне байланысты алатын емдеу-сауықтыру шаралары, міндетті гигениялық құралдармен, ымдау тілімен қызмет көрсету мамандарымен қамтамасыз етіледі.

        Бөлімде психикалық аурумен ауыратын мүгедек балалар үшін  бөлімде әлеуметтік көмекшілер бөлімі жұмыс жасайды.

       Әлеуметтік көмек көрсету мақсатымен мүгедек балаларды тәрбиелеп және үйде оқытып отырған отбасыларына жергілікті бюджеттен квартал сайын жәрдемақы төленеді. Жан басына шаққанда орташа табыс бойынша адрестік, тұрғын үй және біржолғы материалдық жәрдем жасалынады.

       Мүмкіншілігі шектеулі мүгедектердің қалалық автотранспортында жүріп трулары қиын, оларға бейімделмеген, өйткені олар арнулы көтергіштермен  жабдықталмаған, арнайы мамандырылған транспорттардың жоқ болуы, аялдамаларда мүгедектерге бөлінген отырғызатын алаңдары  жоқтың қасы.

       Мүмкіншілігі шектеулі мүгедектерді мамандырылған транспорттармен қамтамасыз ету шеңберінде қозғалыста қиындық көретін 1 топтағы мүгедектерге жергілікті бюджеттен қаржыланатын инвотакси қызметі қаламызда жұмыс көрсете бастады. Ауданымызда инвотаксиді пайдалануға 1 топтағы мүгедектерді жұмысқа, оқуға және тағы басқа жерлерге қандай да бір сұрақтармен бара алмай жүрген көптеген мүгедектерде енді осындай мүмкіншіліктері бар.

     Жетісу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімінде айрықша бағытта атқарылатын жұмыстың бірі – мүгедек балаларға қамқорлық жасап, олармен жұмыс істеу. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды өз қатарларынан кем қалдырмау үшін оларды үйде тәрбиелеп және оқытып отырған отбасыларына жәрдемақы тағайындалады. Жетісу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлімі  қай кезде болсын пешенесіне қиын тағдыр жазылған адамдарға мүмкіндігінше қамқорлық жасап, олардың қоғамдық мүмкіндіктерінің шектелмеуіне, қоғамнан тыс өмір сүрмеулері үшін қажетті барлық жағдайларды жасауға тысысады.

1.Сурдотехникалық құралдар

      Ұлы отан соғысына қатысушы және оларға теңестірілген соғыс мүгедектер және мүгедектігі 1,2,3 топтағы,мүгедек балалар төмендегідей құжаттар тапсыруы тиіс:

1.мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы

2.жеке бас куәлігі егер бала жаста болса туу туралы куәлігі

3.ҰОС қатысқаны туралы куәлік

4.зейнеткерлік куәлігі

2.тифлотехникалық құралдар.  

1,2,3,топтағы мүгедектер және мүгедек балалар төмендегідей құжаттар тапсыруы тиіс:

1.өтініш

2.мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы

3.жеке бас куәлігі егер бала жаста болса туу туралы куәлігі.

3.Санитарлық гигиеналық құралдар

 Санитарлы гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедек жандарға «мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы» бойынша төмендегідей құжаттар бойынша көмек көрсетіледі:

1.өтініш

2.мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы

3.мүгедектік туралы анықтама

4. жеке бас куәлігі егер бала жаста болса туу туралы куәлігі.

4.Санаторлық-курорттық емделуге.

Мемлекеттік көмектер осындай азаматтарға көрсетіледі:

ҚР азаматы болып табылатын және азаматтығы жоқ,тұрақты мекен ететін мүгедектер және мүгедек балаларға.Төмендегі құжаттар бойынша көмек көрсетіледі:

1.өтініш

2. жеке бас куәлігі егер бала жаста болса туу туралы куәлігі.

3.санаторлық-курорттық карта

4.мекенжай анықтамасы

5. мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы (ОЖБ)

6. мүгедектік туралы анықтама

 

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары

бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

Әңгімелесу жүргізу кезінде:

1) ШАК алу негіздемесі;

2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;

3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді. 

 Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді.

Өтініш иесіне келесі құжаттарды тапсыру ушін қажет құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған кезде);

4) әр отбасы мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.

  Отбасының жиынтық табысы азық-түлік себетінің 60%  (14711теңге) құрайтыны кун көріс деңгейінің 24619 теңге.