Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Халықты әлеуметтік қорғау ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



Халықты жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру


«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы 3 бағыт бойынша іске асырылады. Елдің әр азаматы мынадай бағыттардың бірі бойынша қатыса алады: оқыту курсынан өту, мамандық бойынша жұмыс табу немесе өз бизнесіңді ашу немесе кеңейту. Аталмыш мақалада сіз бағдарламаның барлық бағыттары бойынша мәлімет аласыз, қатысу үшін қайда бару керектігін және ол үшін қандай құжаттарды жинау қажеттігін білесіз.
 

Бағдарлама туралы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының негізгі міндеттері:

·       экономика саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

·       жұмыс орындарын құру (тұрақты, уақытша);

·       ҚР жаһандық дағдарысты төмендету және экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

·       кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;

·   облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіби және аумақтық мобильділігін арттыру;

·    жұмыспен қамтылған жастардың бейімделуі және тұруы үшін жағдай жасау;

·   өздігінен қамтылған халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын арттыру, олардың мәртебесін нысандандыру;

·  әлеуметтік қолдау шараларының мекенжайлығын күшейту, асырауда болушылықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

· инфрақұрылымды және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

·     жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау;

·   жұмысқа орналасуға оқыту және әрекеттесу, жұмыс берушінің  қажеттіліктері аясында қоныс аудару.

Бағдарламаға кім қатыса алады?

Аталмыш бағдарламаның қатысушылары ҚР барлық азаматтары бола алады: оралмандар, еңбек қабілеттілігі сақталған мүгедектер, жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, университеттердің түлектері оқу аяқталғаннан кейін 1 жыл ішінде.

Қатысушылардың басым санаттарына жататындар:

·         29 жасқа дейінгі жастар;

·         балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған он сегізден 29 жасқа дейінгі балалар;

·      ауылдық жерде тұратын әйелдер;

·      50 жастан асқан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі адамдар;

·      жалпы белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер;

·  ауыр жұмыстарға, зиянды (ерекше) және (немесе) қауіпті еңбек шарттарындағы жұмыстарға қамтылған және мемлекеттік жәрдемақы алушылар болып табылатын адамдар;

·      Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан шығарылған адамдар;

·   бас  бостандығынан айыру  және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

·     жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына байланысты  немесе жұмыскерлер саны мен штаты қысқарғандықтан жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты босатылған адамдар.

Бірінші бағыт. Инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

Екінші бағыт. Жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау

Үшінші бағыт. Жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқу және жұмысқа орналасуға әрекеттесу, қоныс аудару