Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Халықты әлеуметтік қорғау ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



Жетісу ауданының пробация қызмет бөлімі


«Альтернативник» Республикалық алдын алу іс-шаралары

Пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандармен қайта қылмыс жасамау мақсатында 2018 жылдың 10-нан 21-не дейін республикалық алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.
Алматы қаласының Жетісу ауданының пробация қызметінің инспекторларымен бірге Алматы қаласының Жетісу ауданының ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес – 395 сотталған мекен-жайы бойынша тексерілді.
Шараларды жүргізу барысында 5 сотталған жазаны өтеу тәртібі мен шараларын бұзды, 5 іс құжат жазаны қатан түріне ауыстыру туралы жолданды.
Мекен-жайы бойынша тексеру кезінде сотталғандармен қайта қылмыс жасамау туралы алдын алу сұхбат жүргізілді.

Пробацияның бір түрі ретінде Сотқа дейінгі пробация 

Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» қабылданған заңында    пробацияның   ұйымдастыру және іс қимыл жасау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,  пробацияның  мақсатын, принциптерін, нысаны мен түрлерін, түсінігін анықтайды, сонымен бірге  пробация қолданылатын тұлғалардың  және оны орындайтын субъектілердің құқықтық мәртібесін анықтайды.  

«Пробация туралы» Заңда сотқа дейінгі пробация кеңінен қарастырылған. Сотқа дейінгі пробацияға тереңінен тоқтала кетсек, қылмыстық  құқық бұзушылық жасаған күдікті мен айыпталушы тұлғаларға  – пробацияның бір түрі ретінде  күдікті, айыпталушының міңез-құлқын әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету барысында оларды  түзеуге бағытталған қызмет саласы болып қарастырылады.

Сотқа дейінгі пробацияға:  мүгедектер, жалғыз басты әйелдер, елу сегіз жасқа толғандар  және одан жоғары, жүкті, үш жасқа толмаған балалары бар әйелдер, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер , кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді жалғыз өзі тәрбиелеп жүргендер жалғыз басты аналар кіреді..Яғни, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша шаралардың жиынтығы болып келеді.

Маусым айының 18-і мен 28-і жұлдызында жүріп жатқан  «шартты түрде сотталған» атты республикалық профилактикалық іс-шара барысындаАлматы қаласының Жетісу аудандық Пробация қызметі сотқа дейінгі азаматтарға әлеуметтік құқықтық қолдау көрсетті. Оның ішінде 5 кәмелет жасқа толмағандар, 3 жалғыз  басты аналарға медициналық қызмет көрсетіліп, арнайы білікті психолог мамандардың қолдауымен психологиялық жәрдем жасалынды. Оған қоса жалғыз басты аналарға жұмыспен қамсыздандыру жөнінде Алматы қаласының жұмыспен қамытылу орталығына тіркелінді. 

27.06.2018

БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Мемелкетіміздің құқық қорғау органдарының бірі – пробация қызметі инспекциялары. Қылмыстық-атқару қызметінің негізгі мақсатына тоқталатын болсақ, сот органдарының заңды күшіне енген үкімі бойынша қоғамдық жұмысқа және жұмыстарына тарту, еркіндігін шектеу, белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айырылған, шартты түрде сотталған, тағайындалған жазалары кейінге қалдырылып, жүкті әйелдер мен балалары бар әйелдердің мінез-құлқына бақылау жасау болып табылады. Сонымен қатар, инспекцияны сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазаларды Қылмыстық-атқару заңнамасына сай атқарып Қылмыстық атқару жүйесінің бір бөлімшесі деп деп атасақ қателеспейміз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, аталмыш орган қызметкерлері қылмыс жасаудың алдын ала отырып, осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырып, профилактикалық жұмыстар атқарады. Бұл орайда әртүрлі кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдармен кездесулер ұйымдастырып, жаман әдеттерге еліктеуге дайын тұратын жастар арасында пікір-сайыстар өткізе отырып, жақсылыққа үйренуге, жаманнан жиренуге шақырады.

Бүгінгі күні Жетісу аудандық қылмыстық атқару инспекциясының есебінде тұрған сотталған азаматтардың басым бөлігі, инспекция жұмысының нәтижесінде ертеңгі күніне сенім артып, дұрыс жолға түсуге бағытталып келеді.

Олардың арасында бұрын нашақорлықпен айналысқандар бар.

Сонымен қатар, Елбасымыз құқыққорғау органдарының кеңейтілген отырысында азаматтардың құқық қорғау органадарына сенімі басты көрсеткіш болуы тиіс екендігін айтқан болатын. Сондықтан пробация қызметі мемлекеттің бірінші кезекті міндеті болып табылатын, қылмыстың алдын алу бағытында кіршіксіз қызмет ете бермек.

 05.03.2018 ж.

«Сотталғандардың қоғамға пайда келтіретін еңбегі»

Пенитенциарлық жүйені дамыту концепциясының негізінде Қазақстан Республикасында пробация институты пайда болды. 2015 жылдың 1 каңтарынан бастап қылмыстық-атқару пробация қызметі болып аталды. Пробация қызметі бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандармен жұмыс жүргізіледі.

Пробоция қызметтері:

1.     Қоғамдық жұмысқа және түзеу жұмыстарына тарту, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаларды орындау;

2.     Шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқына пробациялық бақылауды жүзеге асыру;

3.     Жазаны өтеу кейінге қалдырылған сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларын жалғыз тәрбиелейтін ер адамдардың мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру;

4.     Бас бостандығын шектеу жазасын сотталған адамдарға олардың тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауды жүзеге асыру;

5.     Оларға қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген адамдарға және сот әкімшілік қадағалау белгіленген бас бостандығынан айыру орындарынан  босатылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың бірі болып,  бас бостандығын шектеу жазасы табылады.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі Пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орныдауға қабылдаған күннен бастап есептеледі.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқандарға пробациялық бақылауды олардың тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметі жүзеге асырады.

Сотталғанның оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпей міндеттерін орындауын бақылау үшін Пробация қызметі оның тұрғылықты жерінде болу кестесін құрады.

Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқудан бос бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдармен белгіленген орындарда жылына 240 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 57-59 баптарына сәйкес ұйымдастырады.

Осы заңға сәйкес Жетысу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен және Жетісу ауданының прокуратурасымен бірге  Жетісу ауданының пробация бөлімінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандарды мәжбүрлі еңбегіне тартады.

Мәжбүрлі еңбектің мақсаты қоғамға пайдалы іс жасау. 20.07.2017 жылы сотталғандар Жетісу ауданының Рысқұлова көшесі мен Күдерина көшелерінің қиылысында арықтарды тазалап, Тұрмыстық қоқыстардыжинап, 3 куб қоқысты жинап шығарды. Одан басқа 25.08.2016 жылы 1-ТЭЦ аумағында тұрмыстық қоқыс шығарылды.

Жетісу аудандық пробация қызметі

22.11.2017

Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден шартты түрде мерізімінен бұрын босатылғандарға қатысты пробациалық бақылау.

«Жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзбаған, қылмыспен келтірілген залалды толығымен өтеген, заңмен белгіленген нақты мерізімін өтеген тұлға бас бостандығын айыру жазасын өтеуден шартты түрде мерізімінен бұрын босатылған» деп мерізімінен бұрын босатылған, тұлға есептеледі.

Жазаны өтеу қысқартылғаны соттылықтын күшін жоймайды, өйткені қылмыстық жауапкершілік құқықтық қарым қатынас сақталады.

Шартты түрде мерізімінен бұрын босатылған тұлғаға соттылық пробациалық бақылау  қоюдың құқықтық негізі болып келеді. Бас бостандығын айыру жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған тұлғаның  жазаның өтелмеген бөлігінің барлық мерізіміне  пробациалық бақылау Қазақстан Республикасының 44 бабының шарттары бойынша қойылады.

Пробациалық бақылау жазаны өтеуден шартты түрде мерізiмiнен бұрын босатылған тұлғаларға қатысты сотпен тағайындалған міндеттерін орындау, және оларға  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді қарастырады.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылау босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша Ішкі Істер Органдарының полиция қызметкерлері жүзеге асырады.

Пробация қызметі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды өзінің есебіне қояды, денсаулық жағдайын, білім деңгейін, еңбекпен қамтылуын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып, оның жеке басын зерделейді сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындауға қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды.  Жеке басын зерделеудін нәтижесі бойынша  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету туралы жеке бағдарлама жасап сәйкесінше жолдайды.

Бір сөзбен айтқанда пробация қызметі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаларға  мамандық алуға, жұмыспен қамтамасыз етуге, тегін медициналық, психологиялық көмек көрсетуге, тұрғылықты  жері жоқ кезінде, адаптация орталығына орналдастыруға көмектеседі.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар, білімдері жоқ, соттылығына бола жұмысқа тұра алмай, болмаса тіпті тұратын жерлері жоқ адамдар, сондықтан көп уақыт өтпей қайта қылмыс жасап қайтадан бас бостандығын айыру жерлеріне келеді.

Пробация қызметінің мақсаты осы тұлғаларға  әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, тегін психологиялық және медициналық көмек көрсету. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар, босағаннан кейін,  тұлғалардың дұрыс жолға түскеніне, қоғамның қадірлі адамдары болыуына, жұмыспен қамтамасыз етуіне, мамандық алуына, өмірде  өзін өзін табуға және қазіргі заманның өміріне бейімделуіне мүмкіндігінің болуын қадағалау.

Алматы қаласының Жетісу ауданының пробация  қызметі

16.06.2017 ж.

«Пробация үйі» жобасы

 Қазақстан Республикасының Президентінің бағдарламасының 33 қадамы  азаматтарды бас бостандығынан  айыру  жерлерінен босап келген және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға қатысты әлеуметтік түрде ақтау. Бағдарламаны іске асыру үшін «Пробация Үйі» жобасы  жасалынды.

«Пробация үйі» жобасының  мағынасы пробация қызметінің есебінде  тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету «бір терезе» ретінде, яғни құжаттану кезінде көмек көрсету, жұмысқа орналастыру және медициналық, психологиялық, заңдық  көмек көрсету.

«Пробация үйі» жобасының мақсаты босап келген тұлғаларды әлеуметтік ақтау,тұрмыстық жағдайын жақсарту және қайта қылмыс жасауға апаратын  жағдайларды азайту.

Қазіргі кезде  «Пробация Үйі» жобасы  іске асырылды. Бұл жоба  Алматы қаласының  «Халықты жұмыспен қамыту орталығы» қызметкерлерімен Алматы қаласының пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен  бас бостандығын айыру  жерінен босап келген тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы өз шешімін тапты.

«Пробация үйі» жобасы  бас бостандығын айыру мен байланысты емес жазаларға сотталғандармен, бас бостандығын айыру жерлерінен келген, тұлғалардың қылмыс жасамай өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі деген үміттеміз.

25.05.2017

«ПРОБАЦИЯ»  Республикалық алдын алу іс-шаралары

Пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандармен қайта қылмыс жасамау мақсатында 2017 жылдың 27-нен 31-не дейін республикалық алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Алматы қаласының Жетісу ауданының пробация қызметінің инспекторларымен бірге Алматы қаласының Жетісу ауданының ІІБ-нің  учаскелік  полиция инспекторларымен  есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес – 317 сотталған мекен-жайы бойынша тексерілді.

Шараларды жүргізу барысында  2 сотталған жазаны өтеу тәртібі мен  шараларын бұзды, 2 іс құжат жазаны қатан түріне ауыстыру туралы жолданды, 1-іс құжат пробациялық мерізімді ұзарту туралы  жіберілді.

Мекен-жайы бойынша тексеру кезінде сотталғандармен қайта қылмыс жасамау туралы алдын алу сұхбат жүргізілді. 

31.03.2017

Қазақстан Республикасында пенитенциарлық пробация

Ұлт жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 30 желтоқсан 2016 жылы № № 38-VІ ҚРЗ  «Пробация туралы»  Заңы  қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президентінің Өкімімен  2016 жылғы                 8 желтоқсандағы № 387  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде  есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың   2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілген.

Қазақстан Республикасының қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сай  пенитенциарлық пробацияның негізгі мақсаты болып бас бостандығынан айырудан босатылған сотталғандарды әлеуметтік оңалту.

 Сотталғандарға әлеуметтік оңалту  пробация  орындайтын субъектілермен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасы арқылы орындалады.

Пенитенциарлық пробация –  түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларға қатысты  әлеуметтік оңалту   бойынша шаралар жиынтығы.

Пенитенциарлық пробацияға  жасаған қылмыстың ауырлығына қарамастан  бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан,  сот үкімімен белгілі бір мерізімге сотталған, жазасының мерізімінің өтелуіне бір жыл қалған тұлғалар жатады. 

Жазасының мерізімінің өтелуіне бір жыл қалған  сотталған тұлғаларға қатысты  түзеу мекемесінің арнайы бөлімі үш күн ішінде  аумақтық пробация қызметіне хабарлама, оған қоса есепке алуға керекті құжаттарды  жолдайды.

Пробация қызметі сотталғанның тұлғасын және өмірлік жағдайын  ескере отырып, есепке алғаннан кейін жеке бағдарлама  жасап, мекеменің бастығымен және пробация қызметінің бастығымен бекітеді.

Пробация қызметінің қызметкерлері пенитенциарлық пробация шеңберінде бостауға жататын сотталған тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, еңбек және тұрмысын анықтайды, құқықтары мен бостандықтарын  қорғау туралы, әлеуметтік құқықтық көмек көрсетудің  тәртібі мен көлемі  түсіндіріліп, сонымен қатар әкімшілік қадағалау және пробациялық бақылау жүргізу тәртібі, оның зардаптары ескертіледі.

24.03.2017

Пробацияның бір түрі ретінде сотқа дейінгі пробация 

 Ұлт жоспарының 33 қадамын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 30 желтоқсан 2016 жылы № № 38-VІ ҚРЗ  «Пробация туралы»  Заңы  қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» қабылданған  Заңы  пробацияның ұйымдастыру және іс қимыл жасау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,  пробацияның  мақсатын, принциптерін, нысаны мен түрлерін, түсінігін анықтайды, сонымен бірге  пробация қолданылатын тұлғалардың  және оны орындайтын субъектілердің құқықтық мәртібесін анықтайды.  

«Пробация туралы» Заңында сотқа дейінгі пробация – пробацияның бір түрі ретінде  күдікті, айыпталушының міңез-құлқын түзеуге бағытталған, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша шаралардың жиынтығы болып келеді.

Сотқа дейінгі пробацияға қылмыстық  құқық бұзушылық жасаған күдікті мен айыпталушы қарайды, оның ішінде кәмелет жасқа келмегендер, мүгедектер, әйелдер, елу сегіз жасқа толғандр  және одан жоғары, жүкті, үш жасқа толмаған балалары бар әйелдер, ер адамдар алпыс ұш жастқа толып және одан  асқандар, үш жасқа дейінгі балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп жүргендер.

Сотқа дейінге пробация үйде қамап ұстау немесе қамауға алу  бұлтаратпау  шаралры қолданған  тұлғаларға  қатысты  қолданылмайды.

Пробация қызметі сотқа дейінгі пробацияның шеңберінде тұлғалардың  денсаулығының жағдайын, білімінің деңгейін және жұмыспен қамытылуын, тұрғылықты тұратын жерінің бар жоғын, және де басқа  керекті әлеуметтік-құқықтық  көмектің керектігін анықтайды.

Сотқа дейінгі  пробация  сотқа дейінгі  баяндаманы толытруды қосады, оның ішінде  күдікті мен айыпталушының тұлғасына байланысты мәліметті, жеке бағдарламамен қарастырылған шаралардың орындалуы туралы, сонымен қатар  тұлғаға жаза тағайындау  және  оны орындау кезінде еске алатын, қолданылатын  үлгілі  міндеттер мен шектеулер  тізбесі көрсетіледі. 

Сотқа дейінгі баяндаманы жасау кезінде күдіктіге, айыпталушыға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету  жеке бағдарламаның  орындалған қортындысы, сонымен қатар жанұясына деген қатынасы, ішімдікке, нашақорлыққа, темекі шегуге, құмарлық ойындарға  жақындығы ескеріле отыра жасалынады.

Сотқа дейінгі баяндама  және жеке бағдарлама  күдіктінің, айыпталушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша толтырылады.

Досудебная пробация как один из видов пробации.

В целях реализации 33 шага Плана нации принят Закон Республики Казахстан  «О пробации» от 30 декабря 2016 года № 38-VІ ЗРК.

Принятый закон Республики Казахстан «О пробации»регулирует общественные отношения в сфере организации и функционирования пробации,  устанавливает понятие, цель, задачи, принципы, виды и формы осуществления пробации, а также правовой статус лиц, в отношении которых применяется пробация, и субъектов, ее осуществляющих.

В законе «О пробации» указано, что досудебная пробация – как один из видов пробации представляет собой деятельность и совокупность мер по оказанию социально-правовой помощи подозреваемому, обвиняемому, направленных на коррекцию их поведения.

Под досудебную пробацию подпадают подозреваемые, обвиняемые лица, совершившие уголовные правонарушения:несовершеннолетние;  инвалиды; женщины, в возрасте пятидесяти восьми и свыше лет; беременные; имеющие малолетних детей в возрасте до трех лет; мужчины,           в возрасте шестидесяти трех и свыше лет; воспитывающие в одиночку малолетних детей в возрасте до трех лет.

Не может применяться досудебная пробация в отношении лиц, которым применена мера пресечения в виде домашнего ареста или содержания под стражей.

В рамках досудебной пробации Служба пробации проводит изучение личности лица с установлением состояния здоровья, уровня его образования и занятости трудом, наличия места жительства, а также выясняет иные сведения, необходимые для определения объема социально-правовой помощи. 

Досудебная пробация предусматривает  составление досудебного доклада, в котором отражает сведения о  личностных особенностях подозреваемого, обвиняемого, о выполнении мероприятий, предусмотренных индивидуальной программой, а также  указывается примерный перечень обязанностей и ограничений, которые рекомендуется использовать при назначении лицу наказания и его исполнения.

Досудебный доклад подготавливается по результатам реализации индивидуальной программы оказания социально-правовой помощи в отношении подозреваемого, обвиняемого, также  учитывается сведения об отношения к семье, склонность к употреблению алкогольных напитков, наркотических средств, табакокурению, азартным играм и др.

Службой пробации досудебный доклад и индивидуальная программа, составляется  по месту жительства подозреваемого, обвиняемого.

Қылмыстық жазаны гуманизациялау

Дүниежүзілік және отандық тәжірбиенің көрсетуінше, бас бостандығынан айыру, жаза ретінде, өзін жойып, тиімсіз деп саналуда. Осыған орай соңғы жылдары, жазаның балама түрлеріне көп көңіл бөлінуде, олар қоғамдық және түзету жұмыстары, белгілі лауазымдар немесе белгілі қызметпен айналысуға тыйым салынғаны, кішкентай балалары бар әйелдерге мерзімін ұзарту, бостандығын шектеу және кішкентай балаларын жалғыз тәрбиелеп жүрген ер адамдарды шартты соттау.

Жоғарыда айтылған жазаны орындау 1917 пайда болған пробация қызметі бөліміне жүктелді. Міне, сол кезде алғашқы рет халық комиссариясы нұсқауына жазаның міндетті түрлері енді.

ПҚБ негізгі мәселері, ол қоғамнан оқшаулаусыз жазаны орындау, есепте тұрған тұлғаларға қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру, қайталанған қылмыстық және құқық бұзушылықтың алдын алу болып саналады. Сонымен қатар, пробация қызметі жұмысының ерекшелігі, олар аумақтық ПҚБ жергілікті атқару орындарымен, ішкі істер органдарымен, соттармен, прокуратурамен, оқу орындарымен, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен, құқық қорғау және өзге ұйымдармен тығыз байланыста болуды ұсынады.

Қайталанған қылмыстар мен құқық бұзушылықтың басқа түрлерін алдын алу мақсатында ПҚБ бастамасы бойынша тұратын жеріне бағытталған жедел-алдын алу іс-шаралары, түзету мекемелеріне экскурсиялар, сотта көрнекі іс-жүргізулер, сотталғандарды оқыту мен жұмысқа орналастыруға байланысты мәселелер шешілетін кездесулер және т.б. өткізіледі.

Өкінішке орай, өткізіліп отырған жазаны орындауды гуманизациялау саясаты, кейбір сотталғандармен жүгенсіздік ретінде қабылданады да, олар ҚР заңнамасымен белгіленген жазаны өтеу, шектеу, тәртібі мен жағдайы кейде жүйелі сипатта болып кетеді. Мұндай тұлғалар санатына қатысты ПҚБ инспекторлары жазаны бас бостандығынан айыруға материялдарды сотқа жібереді.

Шартты-атқару мерзімін ұзарту және шартты-мерзімнен бұрын босатуды және т.б.Қазақстан Республикасы заңнамасымен ескерілген.

18.11.2016

«Сотталғандардың қоғамға пайда келтіретін еңбегі»

Пенитенциарлық  жүйені  дамыту концепциясының негізінде Қазақстан Республикасында пробация  институты пайда болды.

2015 жылдың  1 қаңтарынан бастап қылмыстық-атқару инспекциалары пробация қызметі болып аталды. Пробация қызметі бас бостандығын айырумен байланысты емес  жазаларға сотталғандармен жұмыс  жүргізеді.

            Пробация қызметтері:

1) қоғамдық жұмысқа және түзеу жұмыстарына тарту, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаларды орындау;
2) шартты түрде сотталған адамдардың мiнез-құлқына пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
3) жазаны өтеу кейiнге қалдырылған сотталған жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларын жалғыз тәрбиелейтін ер адамдардың мiнез-құлқына бақылауды жүзеге асыру;

4) бас бостандығын шектеу жазасына сотталған адамдарға олардың тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауды жүзеге асыру;

5) оларға қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген адамдарға және сот әкімшілік қадағалау белгілеген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалардың бірі болып, бас бостандығын шектеу  жазасы табылады.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі Пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап есептеледі.  

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқандарға пробациялық бақылауды олардың тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметі жүзеге асырады.

Сотталғанның оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпеу міндеттерін орындауын бақылау үшін Пробация қызметі сотталғанмен бірге оның тұрғылықты жерінде болу кестесін құрады.

Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқудан бос бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдармен белгіленген орындарда жылына екі жүз қырық сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 57-59-баптарына сәйкес ұйымдастырады.

15.09.2016

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету

Қазақстан Республикасының қаулысымен 23 қазан 2014 жылы № 1131 «Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидасы» бекітілді. Бұл қағида әкімшілік қадағалау мен пробациялық бақылау қойылған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін анықтайды.

Пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек алуына ықпалын тигізеді.

Жергілікті орындау органдары, қоғамыдқ бірдестіктер және басқа мекемелер пробациялық бақылау қойылған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық

 Сонымен, сотталғандадың міңез-құлқына бақылау жасағаннан басқа, пробация қызмтінің мақсаты об әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

Әлеуметтік-құқықтық көмек дегеніміз не? Ол сотталғандарды  жұмысқа  орналастыру, медициналық көмек, құқықтық көмек және т.б. көмек көрсету болып келеді.

Жетісу ауданының пробация бөлімі есепте тұрған сотталғандардың бәріне осындай көмек көрсетуде. Ең бастысы сотталғанмен сұхбат жүргізу кезінде  нақты осы сотталғанға кандай көмек көрсету керек екені анықталады.

07 қыркүйек 2016 жылы Жетісу ауданының пробация қызмет бөлімінде тұрған сотталғандар Алматы қаласының  Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы /СПИД/ орталығына шақырылды. Орталықта сотталғандармен сұхбат жүргізіліп, аурудың қалай таралатыны жөнінде айтылып, анализдер тапсырылып, көмек көрсетілді.

Сонымен қатар  пробация бөлімінің есебінде тұрған сотталғандар жергілікті ауруханаға  кепілдік көлемінде медициналық көмек  көрсетілуде.

Мамандық алу, жұмысқа тұрғызу үшін әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамыту орталығына жіберіледі.

Осы заңға сәйкес  Жетісу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен Жетісу ауданының прокуратурасымен бірге Жетісу ауданының пробация бөлімінің есебінде тұрған бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандарды мәжбүрлі еңбегіне  тартады.

Мәжбүрлі еңбектің мақсаты қоғамға пайдалы іс жасау.  22.07.2016 ж. сотталғандар Жетісу ауданының Рыскулов көшесі мен Кудерин көшесінің қиылысында  арықтарды тазалап, тұрмыстық қоқыстарды жинап,    3 куб  қоқысты жинап шығарды.

Одан басқа 25.08.2016 жылы 1-ТЭЦ аумағында тұрмыстық қоқыс шығарылды.

15.09.2016