Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Халықты әлеуметтік қорғау ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



Әлеуметтік сала бөлімінің есебі


Жетісу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі 2012 жылдың ішінде келесі жұмыс атқарылды:
·         110 - азаматтық тұлғалардың өтініштер мен жолдауларына жауап дайындалды;
·         64 - жоғары тұрған ұйымдармен хат алмасулар;
·         Күн сайын Жетісу ауданының азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, біржылғы материалдық көмек, жәрдемақылар, зейнетақылар және т.б. көмек туралы кеңестер беріледі.
Аудан әкімінің әлеуметтік сала бөлімі 7 комиссия бойынша жұмыс жүргізеді:
-            74 аз қамтылған отбасыларына 6 539,2 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды (отбасы мүшесі 221 адамды құрайды).
-            ҚР-ң «Балалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 18-ге дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы тағайындалады, есептік кезең ішінде  балаларға арналған жәрдемақы 124 отбасына төленді (балалар саны – 248 адам), төленген сомасы 2 496,1 теңгені құрайды.
-            Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындау жөніндегі арнайы комиссиясының қарауына ауданда тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтардан 18 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер қарастырылып, оның ішінде 16 өтініш бойынша оң шешім, 2 өтініш бойынша теріс шығарылды.
-            1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын арнайы комиссия қарауына 190 іс қарастырылды, олардың ішінде 141 оң шешім, 38 іс бойынша теріс шешім, 11 іс бойынша құжаттарын толықтыруға ұсыныс берілді.
-            ауданның кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі комиссиясықарауына қамқоршылық тағайындау туралы 9 өтініш келіп түсті. Құжаттар комиссия отырысында қарастырылып, комиссия шешіміне сәйкес әкімнің өкімдері шығарылды.
-            үйде әлеуметтік көмек көрсету комиссиясында 36 іс қарастырылды, барлығына оң шешім қабылданды, үйде қызмет көрсетуге 17 адам қабылданды, есептен шығарылғандар саны 19 адам.
-            ағымдағы жылдың басынан бастап Жетісу ауданы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөнінде комиссиясының 4 отырысы өткізілді, мұнда келе жатқан мерекелер туралы сұрақтар қарастырылды.
                Әлеуметтік сала бөлімі жанында жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 3 бөлім қызмет етеді. Бөлімде 31 әлеуметтік қызметкер, 3 жетекші жұмыс атқарады. Бөлімде 272 адам күтімде.
 
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс іздеп келгендер 794 адам, олардың ішінен жұмысқа орналасқандар 300 адам. Аудан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгендер 116 адам.
«Жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен қайта даярлау курсына 127 адам (жоспар 89), біліктілігін арттыруға 10 адам (жоспар 10). Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандар саны 96 адам, игерілген қаражат – 15 552,5 мың теңге. Жастар практикасына 55 адам жолданды, айлық еңбекақы көлемі – 27 830 теңгені құрайды. Игерілген қаражат – 5 505,9 мың теңге. 
Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерінің бірі тұрмыс үй жәрдемақысы. Тұрғын үй жәрдемақысы бүгінгі күнге 231 адамға тағайындалады, төлеу сомасы 4 206,7 мың теңге. Біржолғы материалдық көмек 679зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар мен жағдайы төмен азаматтарға 4 482,0 мың теңге төленді. Ауданның 14 039зейнеткерлері 1 АЕК – 1 618 теңге мөлшерінде арнайы қалалық жәрдемақы алды, төленген қаражат – 254 404,1 мың.теңгені құрайды.
Ауданның 206 зейнеткері ыстық және суық су есеп құралдарын ауыстыруға әлеуметтік жәрдемақы алды, жалпы сомасы – 2 689,2мың теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ауданның 6 және одан да көп балалы 16 әйел «Алтын алқа» және «Күміс алқа»алқаларымен марапатталынды (олардың ішінде – 9 алтын, 7 - күміс). 
 
Мерекелік іс-шаралар
2012 жылғы 24 ақпанында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратында 6 және одан да көп балалы 2 анаға «Алтын алқа және Күміс алқа» алқаларымен марапатталынды.
2012 жылғы 2 наурызында 8-Наурыз Әйелдер Күнін мерекелеу қарсаңында «Ет өндіру комбинаты» АҚ-мы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, ауданның 180 зейнеткерлеріне шұжық өнімдері ұсынылды. 
2012 жылғы 7 наурызында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратында 8-Наурыз Әйелдер Күнін мерекелеу қарсаңында ауданның 250 әйел адамдарына мерекелік іс-шара ұыймдастырылды. Барлығы есте қалатын сыйлықтар ұсынылды.
                2012 жылғы 22 наурызында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен бірлесіп «Максима» СК-ң алдында Наурыз-Мейрамы мерекесін ұйымдастырды. Мерекеде 4 киіз үй құрастырылды.
                2012 жылдың І тоқсанында Алматы қаласы Жетісу ауданының санитарлық эпидемиологиялық Басқармасының, Жетісу ауданының ІІБ-ң учаскелік инспекторы, Салауатты өмір салты орталығының маманы, «Алматы ақшамы» журналисті және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы бірлесіп, білім беру, мектепке дейінгі мекемелерді, кафе-мейрамханалар бойынша және автобус көліктерінде темекі тарту жөнінде рейд жүргізді. 4 адамға айыппұл салынды. 
«Отбасы күнін» мерекелесіне орай 2012 жылғы 27 сәуірінде Құлагер ы.а. «Гүлдер» саябағында Жетісу ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасылардың балалары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара спорт жарысы түрінде өтті, сонымен қатар, балалар үшін дастархан ұйымдастырылды.
«Отбасы күнін» мерекелесі аясында 2012 жылғы 03-04 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Алматы қаласының балалардың құқығын қорғау бойынша департаментімен, Алматы қаласының ата-аналар Қоғамымен бірлесіп Құлагер ы.а. орналасқан №148 МГ-нда «Мөлдір бұлақ» («От чистого истока») қалалық отбасылардың творчествалық фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты: өсіп келе жатқан жасөспірімдердің адамгершілік және эстетикалық тәрбиесінде отбасылардың творчествасының рөлін көтеру, отбасыларды қоғамдық және мәдени қызметке белсенді қатыстыру, отбасы-творчествалық қатынастардың сабақтастығын дамыту.
ҰОС-ң Жеңіс Күнінің 67-жылдығына орай 2012 жылдың 9 мамырында аудан әкімімен ауданның қызметтері, соғысқа қатысқан ардагерлер мен тылда еңбек еткендер үшін Орталық зиратында белгісіз әскер Зиратына және Даңқ Мемориалына гүл шоғырларын қоды ұйымдастырды. Одан кейін Алматы қалалық ипподромында мерекелік іс-шара орналастырылды, мұнда әскери тақырыптамаға байланысты театралдық көрініс, қалалық және аудандық творчествалық ұжымымен көңіл көтеретін концерттік бағдарламасы өткізілді. Ауданның ардагерлеріне, тылда еңбек еткендер және зейнеткерлерге ас-дастарханы, майдандық ботқа, палау ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 16-21 мамырында аудан әкімі ауданның ардагерлерін «Азиза», «Темирлан», «Амара», «Керемет», «Надир», «Бостон», «Табор» мейрамханаларында құрмет көрсетті. Барлығы ауданның 200 ардагерлері мен зейнеткерлері қатысты. Ардагерлер соғыстағы жін жеңістің 67-жылдығына жетпеген жолдастарын еске алды.
2012 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау Күні Жетісу ауданында кішкентай тұрғындар және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мерекелік іс шара ұйымдастырылды. «Жүректен - жүрекке» қайырымдылық акциясы №148 МГ-нда өткізілді. Іс-шараға 100-ге жуық бала мен ата-аналары шақырылды. Олар үшін мерекелік үстел дайындалды – балмұздақ, шырын, жеміс-жидектер. Балалар күніне арнайы кондитерлер 12 кг. торт дайындады. Шарада мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама  дайындалып, балалар салған сурет және қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Шараға ауданның бизнес құрылымдарының басшылары шақырылды. Шара соңында балалар суреттерінің аукцион ұйымдастырылып, балаларға сыйлықтар тапсырылды, шәй мәзірі ұсынылды.
Медицина Күні аясында 2012 жылдың 13 маусымында №110 ОМ-нде «Қазақстан – көп ұлтты мекеніміз»тақырыбына медицина қызметкерлері арасында ұлттық өнерлер конкурсы өтті.Барлығы 8 наминазиялы топ қатысты. Конкурс бірнеше номинация бойынша жүргізілді: ұлттық киім, салт-дәстүр, би, тамақтар және туған тілдң өлеңдер.
ЮНЕСКО шешімімен бүкіл әлем қазан айын «Қарттар күнін» мерекелейді, бұл күндері қарт адамдардың дәстүрлі күнінің басы болып келеді. Бұл күндері біздердің қоғамымыз үлкен ұрпағымызға тек қана құрмет етпей, сонымен қатар мұқтаж адамдарға көмек көрсетіледі.
Осы мерекені мерекелеу аясында 2012 жылдың 1 қазанынынан бастап ауданның белсенді лер үшін 7 мейрамханада құрмет көрсетілді. Барлығы 300-ден астам ардагерлер мен зейнеткерлер қатысты, мұнда мерекелік ас дайындалды, есте қалатын сыйлықтар ұсынылды, іс-шара бұқаралық ақпараттар құралдарында жария етілді.
2012 жылдың 29 қазанында аудан әкімімен ауданның 5 көп жасаған қарттарға мерекелік шығу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға «Алматы» телеарнасы, «Алматы ақшамы» газеті мен аудан әкімінің веб-сайты қатысты.
2012 жылдың 31 қазанында аудан әкімі аппаратының үлкен залында 500-ге жуық қарт адамдар мен мүгедектер үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, барлығы азық-түлік себеттеріне ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанда бірінші рет Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтілді. Аталған мерекеге орай аудан әкімшілігі мәжіліс залында іс-шара өткізілді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің 17әлеуметтік қызметкері ардагерлер мен зейнеткерлерге қызмет көрсету саласында жоғары кәсіби біліктілігі үшін, аудан әкімінің алғыс хат және мақтау қағазымен марапатталды.
2013 Жаңа жыл күнін мерекелеу қарсаңында аудан әкімшілігімен көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша бөлімде есепте тұратын балалар үшін жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылды. Барлығы 1 200 астам балалар қамтылды.
21 желтоқсан айында Жетісу аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде орналасқан 60 балаларына Жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, №66 ОББ мектебінде кәмелетке толмағандардың ісі бойынша бөлімде есепте тұратын 130балалар үшін жаңа жыл шыршасы өткізілді.
26 желтоқсан айында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімімен Г.Мүсірепов атындағы жас көрермен театырында Жаңа жыл шыршасы өткізілді. Балалар үшін ертек кейіпкерлермен спектакль және жырша хороводы жүргізілді. 400 астам балалар қатысты, барлығы сыйлықтарға ие болды.
28 желтоқсан айында №129 ОББ мектебінде 84 мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шырша ұыймдастырылды. 45 жуық балалар қатысты, мерекелік ас және хоровод өткізілді.

 

Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері

 
Ауданда 2012 жылдың есепті кезеңінде зейнетақы алушылар және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны барлығы – 19 917 адам, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 АЕК – 1 618 теңге). Есептік кезеңде төленген зейнетақы көлемі – 541 510 807,84 теңгені құрады, төленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері – 74 885 875 теңге. Төленген арнайы қалалық жәрдемақы – 28 647 347 теңге. Ең төменгі зейнетақы мөлшері –        17 439 теңгені құрайды, орташа зейнетақы көлемі - 35 950теңге, ең үлкен зейнетақы көлемі –47 351 теңге.
- зейнетақы алушылардың саны – 15 805 адам;
– Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар – 4 112адам:
·          мүгедектігі бойынша – 2 982 адам;
·          асыраушысынан айырылған жағдайда – 1 068адам;
·          жасы бойынша – 62 адам;
–        Арнайы қалалық жәрдемақы алушылар саны –7 078 адам:
·        ҰОС қатысушылары – 72 адам;
·        ҰОС мүгедектері – 28 адам;
·        ҰОС әскерлердің жесірлері – 2 адам;
·        ҰОС қайтыс болған қатысушылардың әйелдері –133 адам;
·        ҰОС қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген – 324 адам;
·        ҰОС мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген – 116 адам;
·       тылда еңбек еткен – 1 728 адам;
·       саяси репрессияның құрбандары – 207 адам;
·       Совет одағының Қаһарманы – 1 адам;
·       «Алтын алқа», «Күміс алқа» медалімен тағайындалған көп балалы аналар саны – 414 адам;
·       Көп балалы жанұялар (4-5 бала) – 521 адам;
·       16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 410 адам;
·       I, II топ мүгедектері – 2 193 адам;
·       III топ мүгедектері – 880 адам;
·       ер жетпеген концлагер тұтқындары – адам;
·       Чернобыль қатысушылары – 11 адам;
·       Афганистан қатысушылары – 270 адам; Ленинград Қоршаушылары – адам.