Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

Халықты әлеуметтік қорғау ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау


Отбасындағы зорлық-зомбылық өте кең таралуда, сондықтан да ол тек қана отбасына ғана емес қоғамға да зияны тиюде.

Зорлық – зомбылықтан еркіндік құқығы бұл адамның негізгі құқығының бірі болып табылады. Отбасындағы зорлық - зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекетіміздің саясаты ең алдымен әлеуметтік-экономикалық, діни және саяси шараларға, сондай-ақ діни құндылықтар мен отбасындағы жеке тұлғалық қасиетті бекітуге бағытталған. Зорлық-зомбылық – өте қиын әлеуметтік құбылыс. Зорлық адамның өмірінің әр түрлі саласында кездесетін қазіргі заманның негізгі проблемасының бірі болып табылады.

    Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында: «Отбасында балалар мен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетудің өршіп отырғаны мені қатты алаңдатады. Әйелдерді жәбірлеуге жол беруге болмайды. Бірден ескертемін, мұндай зорлық-зомбылықты қатаң жазалау керек»,- деп ашық айтты.  

Қаңтар айында жасалған қылмыстарды талдау Алматы қаласының аумағында жасалған адам өлтіру қылмыстарының 17 пайызы (1/6),  тұрмыстық зорлық-зомбылық іс әрекеттерінің нәтижесі екенін көрсетіп отыр, оның ішінде әйелдерге қатыстысы - 1. Сонымен қатар, отбасы тұрмыстық қатынастар аясында мас күйінде жасалған құқық бұзушылық фактілері өсуде. 

Жоғарыда айтылғанды басшылыққа ала отырып және Алматы қаласының ІІД ЖПҚ-нің 2016 жылдың 1 тоқсанына арналған жоспарын іске асыру мақсатымен жергілікті атқару органдары, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесе отырып, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатымен Алматы қаласы Жетісу ауданының аумағында 17-ші ақпан мен 19-шы ақпан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» жедел - профилактикалық іс шарасы өткізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараны ұйымдастыру барысында Жетісу ауданының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы мен учаскелік полиция инспекторлары мекемелер мен ұйымдарда, оқу орындарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» Заңының негізгі талаптары түсіндіріліп, сондай-ақ, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін профилактикалық есептегі тұлғаларды тексеру, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі құралдарын теріс пайдаланатын тұлғаларды есепке алу жұмыстары жүргізіледі.